
14
АСҮЙЛІК МАШИНАНЫ ПАЙДАЛАНУ
–
Қондырмаларды орнату алдында жұмыс
тәртіптерін ауыстырғыштың (11) «0» күйінде
тұрғандығына, ал желілік баудың ауыры
электрлік розеткаға салынбағанына көз
жеткізіңіз.
–
Моторлық блокты (8) қолыңызбен ұстап,
түймені (9) басып, ұстап тұрыңыз, моторлық
блокты (8) көтеріңіз және оны жоғарғы күйде
бекітіңіз.
–
Тостағанды (5) орнату орнына (7) орнатыңыз
және оны тірелгенге дейін сағат тілі бойынша
бұрыңыз.
–
Тостағанның қақпағын (4) орнатыңыз
(1-сурет).
–
Қондырмалардың бірін (1, 2 немесе 3) білікке
(6) орнатыңыз, қондырманы жоғарғы бағытқа
қарай жеңіл басыңыз және қондырманы
тірелгенге дейін сағат тіліне қарсы бағытқа
бұрыңыз. Қондырманың сенімді бекітілгендігіне
көз жеткізіңіз (2-сурет).
–
Қажетті ингредиенттерді тостағанға (5)
салыңыз.
–
Моторлық блоктың (8) жоғарғы жағын басып
тұрып, түймені (9) басып, ұстап тұрыңыз, оны
жұмыс күйіне орнатыңыз, түймені (9) жіберіңіз.
Моторлық блоктың (8) жұмыс күйіне сенімді
бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Ескертпе: қақптақтың (4) асүйлік машина
жұмыс істеген кезде ингредиенттерді қосуға
арналған тесігі бар.
–
Желілік баудың айырын электрлік розеткаға
салыңыз.
–
Жұмыс тәртіптерін ауыстырғышты (11)
бұру арқылы асүйлік машинаны іске
қосыңыз, қондырма айналымының қажетті
жылдамдығына орнатыңыз («ҚОНДЫРМАЛАР»
тармағын қар.).
Ескертпе: асүйлік машинаның үздіксіз жұмыс
істеуінің максималдық ұзақтығы 7 минуттан
аспайды. 30-35 минут өткеннен кейін ғана
қайтадан қосуға болады.
–
Жұмыс істеп болғаннан кейін жұмыс
тәртіптерін ауыстырңышты (11) «0» күйіне
орнатыңыз және желілік бау айырын электрлік
розеткадан суырыңыз.
–
Моторлық блокты (8) қолыңызбен ұстап,
түймені (9) басып, ұстап тұрыңыз, моторлық
блокты (8) көтеріңіз және оны жоғарғы күйде
бекітіңіз.
–
Орнатылған қондырманы сағат тілінің бағыты
бойынша бұрап, шешіп алыңыз.
–
Тостағанның қақпағын (4) шешіңіз.
–
Тостағанды (5) сағат тіліне қарсы бағытта
бұрап, оны шешіңіз.
–
Ингредиенттерді тостағаннан (5) күрекшені
(13) пайдаланып шығарып алыңыз.
–
Қондырманы, күрекшені (13) және тостағанды
(5) бейтарап жуатын құрал қосылған жылы
сумен жуыңыз, шайыңыз және құрғатыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
–
Құралды өшіріп, желілік бау айырын электрлік
розеткадан шығарыңыз.
–
Қондырмаларды (1, 2 немесе 3), тостағанды (5),
күрекшені (13) бейтарап жуатын құрал қосылған
жылы суда жуыңыз, шайып, артынан оларды
құрғатыңыз.
–
Моторлық блок (8) пен негізін (10) жұмсақ, сәл
ылғал матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып
сүртіңіз.
–
Асүйлік машинаны, желілік баусымды және
желілік баусымның айыртетігін суға немесе кез-
келген басқа сұйықтықтарға матыруға тыйым
салынады.
–
Судың және тазалағыш заттардың моторлық
блок (8) ішіне және моторлқы блок (8) пен негіздің
(10) қосылу торабына кіруіне жол бермеңіз.
–
Ластануды кетіру үшін бейтарап тазартқыш
заттарды пайдаланыңыз, металдан жасалған
қылшақтарды және қажайтын тазартқыш
заттар мен еріткіштерді пайдаланбаңыз.
САҚТАЛУЫ
–
Құрылғыны жуып, тазалаңыз.
–
Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ЖЕТКЗІЛІМ ЖИНАҒЫ
Асүйлік таразы – 1 дн.
Тостаған қақпағы – 1 дн.
Тостаған – 1 дн.
Қондырмалар – 3 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электрлік қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50 Гц
Номиналдық тұтынатын қуаты: 500 Вт
Максималды қуаты: 1000 Вт
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың
және қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың
құрамына кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін, оларды күнделікті тұрмыстық қалдықтармен
IM VT-1437.indd 14 18.09.2018 16:37:22
Добавить комментарий