
14
ҮТІК VT-1215 PK
Үтік киімді, төсек жасауларын үтіктеу үшін, сонымен
қатар маталарды тік ылғалдау үшін арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Су шашыратқыш
2.
Су құятын саңылаудың қақпағы
3.
Үнемі бу жіберу реттегіші
4.
Су бүріккіштің түймесі
5.
Қосымша бу беру түймесі
6.
Тұтқа
7.
Желілік сымды қорғау
8.
Үтіктің түбі
9.
Қыздырғыш элементті қосу/сөндіру көрсеткіші
10.
Суға арналған сауыт
11.
Температураны реттегіш
12.
Судың максималды деңгейінің көрсеткіші
13.
Үтіктің табаны
14.
Өздігімен тазалану батырмасы
15.
Өлшеуіш стақан
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қоректендіру тізбегіне
қорғаныс ажыратылу құрылғысын (ҚАҚ) 30 мА-ден
аспайтын номиналды іске қосылу тоғымен
орнатқан дұрыс. ҚАҚ орнатқан кезде маманға
хабарласқан жөн.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалануды бастамас бұрын
пайдалану жөніндегі осы нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз және оны анықтама материалы
ретінде қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына,
тұтынушыға немесе оның мүлігіне зиян келтіруіне
әкелуі мүмкін.
•
Қосу алдында, желідегі кернеу үтіктің жұмыс
кернеуіне сәйкес келуіне көз жеткізіңіз.
•
Желілік шнур «евроашамен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар
электр розеткасына қосыңыз.
•
Өрттің пайда болу тәуекеліне жол бермеу
үшін аспапты электр розеткасына қосу кезінде
өткізгіштерді қолданбаңыз.
•
Электр желісіндегі жүк шамадан асып кетпеуі
үшін көп қуатты тұтынатын бірнеше құрылғыны
үтікпен бір мезгілде қоспаңыз.
•
Үтікті панажайлардан тыс және ылғалдылығы
жоғары панажайларда пайдаланбаңыз.
•
Үтікті тегіс, орнықты бетке қойыңыз немесе
орнықты үтіктеу тақтасын қолданыңыз.
•
Назар аударыңыз! Үтіктің беті жұмыс кезінде
қызады. Күйікке шалдығуды болдырмау
үшін терінің ашық жерлерінің үтіктің ыстық
беттерімен немесе шығып жатқан бумен
түйісуін болдырмаңыз.
•
Суға арналған резервуарға хош иістендіргіш
сұйықтықтарды, сірке суы қышқылын,
крахмал ерітіндісін, қақтарды жоюға арналған
реагенттерді, химиялық заттарды және т.б.
құюға тыйым салынады.
•
Жұмыс кезінде желілік сымның үтіктеу
тақтайшасында болмауын, сонымен бірге
жиһаздардың жиектері мен өткір заттардың
ыстық үстіңгі беттеріне тимеуін қадағалаңыз.
•
Құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз. Жұмыс
уақытындағы үзілістер уақытында үтікті (тік
күйінде) негізіне орнатыңыз .
•
Үтікті электр желісіне қосу/ажырату алдында
температура реттегішін минималды күйге
орнатып алыңыз және тұрақты бу жіберуді
ажыратыңыз.
•
Үтікті пайдаланбасаңыз, онда оны міндетті
түрде электр желісінен сөндіріп отырыңыз.
•
Сауытты суға толтырған кезде, әрқашан
айыртетікті ашалықтан ажыратыңыз.
•
Суды толтыруға арналған саңылаудың қақпағы
үтіктеу уақытында жабық болуы керек.
•
Үтікті электр желісінен сөндірген кезде
әрқашан желілік айыр тетіктен ұстаңыз,
ешқашан желілік баудан тартпаңыз.
•
Электр тоғының соғу қаупін болдырмас үшін
үтікті, желілік шнурды немесе желілік шнур
ашасын суға немесе басқа да сұйықтыққа
батырмаңыз.
•
Үтікті жинап қоюға дейін судың қалдығын
төгіңіз және оған толық салқындауға уақыт
беріңіз.
•
Үтікті электр желісінен ажыратқаннан кейін
ғана резервуардағы суды төгіңіз.
•
Желіге қосулы тұрған үтікті қараусыз
қалдырмаңыз.
•
Аспапты уақытында тазалап тұрыңыз.
•
Құрылғы корпусын, желілік сымды және
желілік сым айырын су қолмен ұстауға
тыйым салынады.
•
Жұмыс істеп тұрған кезде балаларға құрылғыны
және желілік шнурды ұстауға рұқсат бермеңіз.
•
Балалардың құрылғыны ойыншық ретінде
пайдалануына жол бермес үшін, оларды
қадағалап отырыңыз.
•
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында қаптама ретінде пайдаланылатын
полиэтилен қапшықтарды қараусыз
қалдырмаңыз.
VT-1215.indd 14 21.11.2017 14:36:25
Добавить комментарий