
74
• 2 л суда пісіру үшін 1 сағ. 30 минут, ал 1 л суға 45 мин. кетеді.
• Бу себетін тостағанға салыңыз (4-сурет).
• Себетке азық-түліктерді салыңыз.
БҰҚТЫРУ ФУНКЦИЯСЫ
• "Menu" (Мәзір) түймесімен "Stew" (Бұқтыру) функциясын
таңдаңыз. Экранда әдепкі пісіру уақыты көрсетіліп, "Start"
(Қосу) шамы қызыл түспен жыпылықтайды. Содан кейін "<"
немесе ">" түймесімен азық-түлік түрін таңдаңыз: көкөніс,
балық, құс немесе ет.
• "Temperature/Timer" (Температура/Таймер) түймесімен
уақытты орнату функциясын қосып, "<" және ">" түймелерімен
пісіру уақытын өзгертіңіз. "Temperature/Timer" (Температура/
Таймер) түймесін қайта басып, "<" және ">" түймелерімен
температураны өзгертіңіз.
• "Start" (Қосу) түймесін басыңыз. Мультипісіргіш "Stew" (Бұқтыру)
күйіне өтіп, "Start" (Қосу) шамы жанады да, экранда қалған
уақыт көрсетіледі.
• Тамақ піскенде, үш рет "бип" деген сигнал беріліп, мультипісіргіш
жылуды сақтау күйіне өтеді, "Keep Warm" (Жылуды сақтау)
индикаторы жанып, экранда жылу сақталған уақыт санағы
жүре бастайды.
ҚЫЗАРТУ/ҚУЫРУ ФУНКЦИЯСЫ
• "Menu" (Мәзір) түймесімен "Crust/Fry" (Қызарту/Қуыру)
функциясын таңдаңыз. Экранда әдепкі пісіру уақыты көрсетіліп,
"Start" (Қосу) шамы қызыл түспен жыпылықтайды. Содан кейін
"<" немесе ">" түймесімен азық-түлік түрін таңдаңыз: көкөніс,
балық, құс немесе ет.
• "Temperature/Timer" (Температура/Таймер) түймесімен
уақытты орнату функциясын қосып, "<" және ">" түймелерімен
пісіру уақытын өзгертіңіз. "Temperature/Timer" (Температура/
Таймер) түймесін қайта басып, "<" және ">" түймелерімен
температураны өзгертіңіз.
• "Start" (Қосу) түймесін басыңыз. Мультипісіргіш "Crust/Fry"
(Қызарту/Қуыру) күйіне өтіп, "Start" (Қосу) шамы жанады да,
экранда қалған уақыт көрсетіледі. Таңдалған температураға
жеткенде, мультипісіргіштен сигнал беріледі.
Добавить комментарий