
14 Қазақша Қазақша 15
Таймер функциясы
Таймер жүйені белгілі бір уақытта автоматты түрде
қосуға немесе өшіруге мүмкіндік береді.
• Таймерді орнатудың алдында ағымдағы уақыт
дұрыс екенін растаңыз.
• Әрбір қадамды орындау барысында қажетті опцияларды
орнатуға бірнеше секунд беріледі. Егер осы уақытта
үлгермесеңіз, әрекетті қайта бастауыңыз керек.
• Егер жүйе енді автоматты түрде қосылмасын
немесе өшпесін десеңіз, TIMER ON/OFF түймесін
басу арқылы таймерден бас тартыңыз.
Мысалы: Әрбір таңда музыкамен оянғыңыз келеді.
1. POWER ( )түймесін басып жүйені қосыңыз.
2. TIMER CLOCK түймесін дисплейде TIME
хабарламасы көрсетілгенше баса беріңіз.
3. ENTER
( ) түймесін басыңыз
.
Нәтиже: Дисплейде ON хабарламасы бірнеше
секунд көрсетіледі. Таймердің қосылу
уақытын орнатуға болады.
4. Таймердің қосылу уақытын орнатыңыз.
a. Сағатты орнату үшін , немесе . түймесін басыңыз.
b. ENTER
( ) түймесін басыңыз.
Нәтиже: Минут жыпылықтайды.
c. Минутты орнату үшін , немесе . түймесін
басыңыз.
d. ENTER
( ) түймесін басыңыз.
Нәтиже: Дисплейде OFF хабарламасы бірнеше
секунд көрсетіледі. Енді таймердің өшу
уақытын орнатуға болады.
5. Таймердің өшу уақытын орнатыңыз.
a. Сағатты орнату үшін , немесе . түймесін басыңыз.
b. ENTER
( ) түймесін басыңыз.
Нәтиже: Минут жыпылықтайды.
c. Минутты орнату үшін , немесе . түймесін басыңыз.
d. ENTER
( ) түймесін басыңыз.
Нәтиже: Дисплейде VOL XX хабарламасы
көрсетіледі. Мұндағы XX орнатылып
қойған дыбыс деңгейіне сәйкес келеді.
6. Дыбыс деңгейін реттеу үшін , немесе . түймесін
басыңыз, содан кейін ENTER
( )түймесін
басыңыз
.
Нәтиже: Таңдалатын сигнал көзі дисплейде
көрсетіледі.
7. Жүйе қосылғанда ойнатылатын сигнал көзін таңдау үшін
,немесе . түймесін басыңыз.
Егер мына
таңдасаңыз...
Мынаны да істеуіңіз керек болады...
FM (радио) a ENTER ( ) түймесін басыңыз.
b , немесе . түймесін басу
арқылы алдын ала орнатылған
станцияны таңдаңыз.
CD/MP3
(ықшам диск)
Бір ықшам диск салыңыз.
USB
USB құрылғысын жалғаңыз.
8. ENTER
( )
түймесін басыңыз.
Нәтиже:
Дисплейде CHKREC (Жазу керек пе?)
хабарламасы көрсетіледі.
9. ENTER ( ) түймесін басыңыз.
Нәтиже: Дисплейде REC N хабарламасы көрсетіледі.
, немесе . түймесін басып REC Y немесе REC N
опциясын таңдауға болады, содан кейін ENTER ( )
түймесін басыңыз.
1).
Егер REC N опциясын таңдасаңыз, микро
құрамдас жүйесі қосылған кезде жазбайды. Егер
тюнердің таймермен жазуын орнатып қойған
болсаңыз, REC N опциясын таңдағанда одан
бас тартылады. Микро құрамдас жүйесі осы
процедураның басында қойылған уақыттарда
қосылып, өше беретінін ескеріңіз.
2).
Егер REC Y опциясын таңдасаңыз, микро
құрамдас жүйесін қосылғанда жазатын етіп
орнатуға болады. Жазудың қосылу және өшу
уақыттары осы процедураның басында қойылған
таймердің қосылу және өшу уақыттарынан
басқаша болуы мүмкін.
a.
ENTER ( ) түймесін басыңыз.
Нәтиже: Дисплейде «ON» хабарламасы
бірнеше секунд көрсетіледі. Тюнердің
таймермен жазу функциясының қосылу
уақытын орнатуға болады.
b.
ENTER
( ) түймесін басыңыз.
Нәтиже: Дисплейде OFF хабарламасы
бірнеше секунд көрсетіледі. Тюнердің
таймермен жазу функциясының өшу
уақытын орнатуға болады.
•
Тюнер таймерімен ең ұзақ жазу уақыты — 5 сағат.
•
Егер таймердің қосылу және өшу уақыты бірдей
болса, дисплейде «ERROR» сөзі көрсетіледі.
•
Диск болмай немесе микро құрамдасқа USB
қосылмай, «MP3/CD» не «USB» таңдалса, микро
құрамдас автоматты түрде «FM» көзін таңдайды.
•
Егер қосылу немесе өшу уақыты таймермен жазу
уақытымен бірдей болса, тек қосылу немесе өшу
уақыты қолданылады, ал таймермен жазу уақыты
қолданылмайды.
•
Егер автоматты таймер қосулы болса, дискіге
(немесе құрылғыға) байланысты MP3/CD немесе
USB функциясын іске қосу үшін қосымша қадам
қажет болуы мүмкін. Оның орнына тюнер
функциясын таңдаған дұрыс.
Таймерді орнатқаннан кейін құрылғы дисплейде
«TIMER» көрсеткіші көрсететін уақытта автоматты
түрде қосылатын болады. Егер таймерді енді
пайдаланғыңыз келмесе, одан бас тарту керек.
1. Таймерден бас тарту үшін TIMER ON/OFF
(Таймерді қосу/өшіру) түймесін бір рет
басыңыз, сонда
көрсетілмейтін болады.
2. Таймерді қалпына келтіру үшін TIMER ON/OFF
(Таймерді қосу/өшіру) түймесін қайтадан
басыңыз. қайта көрсетіледі.
• TIMER OFF (Таймер өшіру) режимін таңдағанда,
TIMER RECORDING және TIMER функциясын
қолжетімді болмайды.
Таймерден бас тарту
02875L-MM-J320-RU-KAZ-20170203.indd 15 2017/2/3 9:12:35
Добавить комментарий