
18
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен
жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш
(бар болса) және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені
орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң
аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағатқа бөлме тем-
пературасында ұстау керек.
Электр бауды толық жайыңыз, артық бөлігін аспаптың корпу-
сына салыңыз. Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз, аспап-
ты электр желіге қосар алдында мұқият кептіріңіз.
Алғашқы қосу кезінде тостерді қыздырып алу керек. Тостерге
нан бөлшектерін салмай тұрып қуырудың максималды дәре-
жесін қолданыңыз (6). Содан соң құралды толықтай сууға қал-
дырыңыз.
Қосардың алдында қиқымға арналған табанның құралға ор-
натылғанына көз жеткізіңіз!
I I. ҮТІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Нанның бөлшектері тосттарға арналған ұяшықтарға еркін
орналасуы керек.
Қыздыру процесін тоқтату үшін CANCEL тетікшесін ба-
сыңыз.
Ешқашан қыздыру процесін тоқтату үшін тосттарды салу
иінтірегін қолданбаңыз!
Тосттарды қуыру
1.
Аспапты электр желісіне қосыңыз. Нан кесектерін тостерге
салыңыз.
2.
Қуыру деңгейін реттеу арқылы өзіңіз қалайтын қуыру дең-
гейін орнатыңыз.
Нанның әртүрлі сұрыптарына «1» – «6» дейінгі қуырудың
әртүрлі деңгейлері керек.
Нан кесектерін бірінші рет қуырған кезде «3» немесе «4»
нейтралды қуыру деңгейін пайдаланыңыз.
Пісіру кезінде қуыру дәрежесін өзгертуге болады.
3. Тосттарды салу иінтірегін соңына дейін жайлап басыңыз,
олар төмен түседі. Дисплей мен CANCEL батырмасы жана-
ды. Қолданылатын нан түрін таңдау үшін бағдарламаны
автоматты таңдау батырмаларын пайдаланыңыз («Нан
түріне сәйкес автоматты бағдарламалар» бөлімін қараңыз).
Егер сіз пісіру үшін тостердің бір бөлігін ғана пайдалансаңыз,
тост салу иінтірегі түсірілгеннен кейін SINGLE батырмасын
басыңыз.
4.
Дисплей секундына пісіру уақытын кері санайды және
орнатылған қуыру деңгейі көрсетіледі. Жарығы жанады.
5.
Қуыру процесі аяқталған соң құрал автоматты түрде тоқтай-
ды, CANCEL түймесінің дисплейі мен жарықталу өшеді,
тосттарды түсіруге арналған тұтқа көтеріледі.
Добавить комментарий