
SkyWiper RV-RW001S
15
KAZ
Өндіруші осындай өзгерістер туралы қосымша хабарламастан өз өнімін жетілдіру ба-
рысында оның дизайны, жинағы, сонымен қатар бұйымның техникалық сипаттамала-
рына өзгеріс енгізуге құқылы. Техникалық сипаттамаларда ±10% қателікке жол беріледі.
Моделінің қондырғысы (A1 сурет, 4 бет)
1. Карабины бар сақтандыру арқаны
2. Сақтандыру арқанын бекітуге арналған саңылау
3. Динамик
4. Корпустың жоғары жағындағы жұмыс индикаторы
5. Тұтқа
6. Вентиляциялық саңылаулар
7. батырмасы
8. Желілік адаптерді қосуға арналған ұяшықтар
9. Желілік сым
10. Желілік адаптер
11. Желілік адаптердің ұзартқышы
12. Арақашықтықтан басқару пультінің индикаторы
13. Қоректену элементіне арналған бөлім
14. Арақашықтықтан басқару пульті
15. Микрофибрадан жасалған моптар
16. Түбіндегі жұмыс индикаторы
17. Моптарға арналған шешілетін дөңгелектер
18. Шешілетін дөңгелектерді ұстағыштар
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсырма-
ларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Аспаптың корпусын және шешілетін дөңгелектерді ылғыл шөберекпен сүртіңіз. Электрмен
қоректендіру желісіне қосар алдында аспаптың барлық элементтерін жақсылап кептіріңіз.
Аспапты қолданар алдында аккумуляторды толығымен зарядтаған дұрыс. Желі адаптерінің
сымы мен желі адаптерінің ұзартқышы сенімді бекітілуі үшін бұрандалы бекіткіштермен
жабдықталған: аспапты A2 сұлбасында көрсетілген тәртіпте құрастырып
A2
(5 бет),
бекіткіштерді сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұрап бекітіңіз. Аккумулятор толық за-
рядталған кезде индикатор жасыл түске ауысады, аспап пайдалануға дайын.
Қоректену элементі (жиынтыққа кіреді) кереғарлықты сақтаумен, арақашықтықтан басқа-
ру пультіне дұрыс орнатылғандығына көз жеткізіңіз. Керек болған жағдайда қоректену
элементін орнатыңыз.
Қоректендіру элементтерін орнату кезінде қолдарыңыз және құрылғы құрғақ болуы
тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жеткізу кешеніне кіретін қуат көзінің элементі бұйымның жұмыс
қабілеттілігін тексеруге ғана арналған. Аспаптың үздіксіз жұмысы үшін жаңа қуат
көзінің элементін сатып алу ұсынылады.
Моптарға арналған шешілетін дөңгелектер саңылаусыз, ұстағыштарға тығыз орнатылуы
керек. Оларды орнату тәртібі A3 (6 бет)схемасында көрсетілген. Шешілетін дөңгелектер-
дегі дөңес жерлерді жіктермен сәйкестендіріңіз және шешілетін дөңгелекті шертпек
естілгенге дейін басыңыз.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Аспап қалыңдығы 3 мм басталатын шыныларды, айналарды, кафельдік плиталарды, қабы-
рғаларды және үстелдерді тегістеуге арналған.
Аспапты жақтаусыз шыныларға, жарықтары немесе басқа да ақаулары бар қабаттарға
пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Тазаланылатын қабат астындағы кеңістік аспаптың байқаусыз құлап кетуі салдарынан
зақымдануы мүмкін заттардан бос екендігіне көз жеткізіңіз.
Аспабын пайдалану (A4 сурет, 6 бет)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты пайдаланар алдында міндетті түрде оны сақтандыру
арқанының көмегімен бөлменің ішіндегі тұрақты жылжымайтын объектіге бекітіңіз.
1. Аспапты электр желіге қосыңыз.
Қоректену сымы мен ұзартқыштың майыспауын және айналмауын қадағалаңыз. Сымның
ұзындығы шектеулі екендігін есте сақтаңыз және керек болған жағдайда ұзартқышты
қолданыңыз.
2. батырмасын басыңыз және ұстап тұрыңыз, аспап қосылады.
3. Аспапты шыныға жақтаудан 10 см немесе басқа қабатқа орнатыңыз. Аспапты верти-
калдық қабатта пайдаланған кезде, оны жіберместен бұрын аспаптың сенімді тұрға-
нына көз жеткізіңіз.
Қажет болған жағдайда, осындай бетте пайдалануға жарайтын жуғыш заттың неме-
се спрейдің шағын мөлшерін моптарға немесе тазаланатын телімге жағыңыз. Суламаңыз!
Егер беті немесе моп тым дымқыл болса, аспап дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
4. түймесін басыңыз. Аспаптан дыбыстық сигнал естіледі де, ол автоматты тәртіпте-
медегі жұмысын бастайды. Жұмыс істеп тұрған кезде үзіліс тәртіптемесін қосу/сөндіру
үшін түймесін басыңыз.
Добавить комментарий