
RV-UR381
17
RUS
UKR
KAZ
•
Кез келген сұйықты соруға тыйым салынады, сондай-ақ ылғалды бет-
терді - ылғалды едендер немесе кілемдерді. Ылғалдың ішкі жағына
түсуі шаңсорғыштың сынуына алып келуі мүмкін.
•
Көшіру аппараттары мен принтерлердің картридждерін (тонерлер)
толтыруға арналған ұнтақтар, ұн және басқа да шағын диспенсерлі
шашырағыш заттарды, сондай-ақ құрылыс шаңы, сылақ бөлшектері,
гипс, бетон немесе цементті соруға тыйым салынады. Қозғалтқыштың
зақымдалу немесе сүзгілерінің қоқысқа толып қалу қаупі бар.
•
Өткір заттарды соруға тыйым салынады: шегелер, шағылған шыны және
т.с. Шаң жинағыштар мен сүзгілердің зақымдалуы мүмкін.
•
Жұмыстағы ақаулықтардың пайда болуы немесе құлағаннан кейін
электр қуат беру сымы немесе тұрқындағы көзге көрінетін зақымда-
рымен құралды пайдалануға тыйым салынады. Кез келген ақаулықтар
пайда болған кезде құралды электр желісінен ажыратыңыз және сер-
вис орталығына жүгініңіз.
•
Бұйым қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғалардың байқауында бол-
маған балалардың, тиісті біліктілік пен тәжірибесі жоқ, сонымен қатар
физикалық, сенсорлық, ақыл-ой қабілеттері шектелген адамдардың
пайдалануына арналмаған. Балаларды қосылып тұрған аспаптың қа-
сында қараусыз қалдырмаңыз.
•
Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс енгізуге
тыйым салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұ-
мыстарды авторландырылған сервис-орталық жасауы керек. Біліксіз
жасалған жұмыс аспаптың бұзылуына, жарақат пен мүлік зақымдануы-
на әкеліп соқтыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты кез келген ақау болғанда пайда-
лануға тыйым салынады.
Техникалық сипаттамалары
Үлгі ...................................................................................................................................................RV-UR381
Қуаты .....................................................................................................................................................100 Вт
Аккумулятор түрі................................................................................................................................. Li-ion
Аккумулятордың кернеу ...........................................................................................................22,2 В
Аккумулятордың сыйымдылығы ..........................................................................................2200 мА*ч
Желілік адаптердің кіріс кернеулері ....................................................................100-240 В~, 0,5 А
Желілік адаптердің шығыс кернеулері ...............................................................26,5 В , 500 мА
Тоқтан күйіп қалудан қорғау ...................................................................................................II дәреже
Сору қуаты .................................................................................................................................6 кПа дейін
Қызып кетуден сақтау ........................................................................................................................... бар
HEPA сүзгіштің класы ........................................................................................................................... H13
Шаңға арналған контейнердің сыйымдылығы ..........................................................................0,8 л
Шу деңгейі ..........................................................................................................................80 дБ кем емес
Тоқтаусыз жұмыс уақыты ..........................55 минут дейін (минималды қуаттылық кезінде) /
25 минутқа дейін (максималды қуаттылық кезінде)
Толық қуаттандыру уақыты ...............................................................................................................4 сағ
Қуатын реттеу ..........................................................................................................................................бар
Габаритті өлшемдер толық жинақта (ені × биіктігі × ұзындығы).........230 × 1080 × 210 мм
Таза салмақ толық жинақта ............................................................................................................ 2,3 кг
Жинағы
Шаңсорғыш ......................................................................................................................................... 1 дана
Кіріктірілген желілік адаптері бар тіреуіш ..............................................................................1 дана
Бекіту элементтері жиынтығымен .............................................................................................. 1 дана
Түтік-ұзартқыш .................................................................................................................................. 1 дана
Турбоқылшық .....................................................................................................................................1 дана
Жарықты қондырма .........................................................................................................................1 дана
Жұмсақ жиhaзға арналған қондырма ....................................................................................... 1 дана
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық ................................................................................................. 1 дана
Сервисті кітапшасы ..........................................................................................................................1 дана
Өндіруші осындай өзгерістер туралы қосымша хабарламастан өз өнімін жетілдіру ба-
рысында оның дизайны, жинағы, сонымен қатар бұйымның техникалық сипаттамала-
рына өзгеріс енгізуге құқылы. Техникалық сипаттамаларда ±10% қателікке жол беріледі.
Аспаптың құрылымы (A1 сурет, 3 бет)
1. Вентиляциялық саңылаулар
2. Тұтқа
3. Қосу батырмасы
4. Индикаторы
5. Жүйелік адаптерді қосуға арналған жалғағыш
6. Шаңды жинауға арналған контейнерды алу батырмасы
Добавить комментарий