
RMG-1216
15
RUS
KAZ
KAZ
Құрылғының металдан жасалған бөлшектерін ыдыс жуғыш машинамен тазартпаңдар,
себебі жуғыш заттар қараю, қышқылдану және оның бетінде тоттың пайда болуына әкелуі
мүмкін. Аспаптың металл бөлшектерінде тоттың пайда болуына жол бермеу үшін жуғаннан
кейін оларды өсімдік майының болымсыз мөлшерімен майлап, құрғатып сүртіп алу ұсы-
нылады.
Ыдыс жуатын машинада металл емес бөлшектерді тазарту кезіндегі максималды темпе-
ратура 60°C аспауы керек.
Қайтадан пайдаланар кезде құралдың бөлшектері ауаның табиғи желдетуі және бөлме
температурасы кезінде толықтай құрғатылуы керек.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
I V. СЕРВИС-ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР АЛДЫНДА
Ақаулық Мүмкін болатын себептері Жою әдістері
Құрал іске қосылма йтұр
Құрал электр желісіне қосылмаған Құралды электр желісіне қосыңыз
Электрлік розетка жұмыс істемейді
Құралды жұмыс істеп тұрған розеткаға
қосыңыз
Қозғалтқыш жұмыс кезінде
тоқтап қалды
Шамадан артық жүктеуден сақтаушы және
қызып кетуден сақтау қосылды
«Қызып кетуден сақтау және шамадан
артық жүктеуден сақтаушы» қараңыз.
Егер қайталап қосқаннан кейін ет-
тартқыш бұрынғыдай жұмыс істемесе,
сервис-орталыққа жүгініңіз
Құралдың жұмыс істеу бары-
сында бөгде иіс пайда болды
Жаңа құралдың кейбір бөлшектеріне
қорғаныс жабыны жабылған Иісі бірнеше рет қосқаннан кейін кетеді
Құрал жұмыс барысында қызып кетеді
Үздіксіз жұмыс уақытын қысқартыңыз,
қосылулар арасындағы аралықтарын
ұлғайту керек
Егер қателікті дұрыстай алмасаңыз, авторизацияланған сервистік орталыққа жүгініңіз.
V. КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 12 ай мерзіміне кепілдік беріледі. Кепілдік кезеңі
ішінде дайындаушы жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе барлық бұйымды ауыстыру
жолымен кез келген зауыттық ақауларды жоюға міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні
түпнұсқалық кепілдік талонында дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдай-
да ғана күшіне енеді. Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес
қолданылған, жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде
зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда танылады.
Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын материалдарына таралмайды (ет-
тартқыштың пышақ, фаршқа арналған дискіні перфорациялау және т. б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен оған кепілдікті міндеттемелердің қолданыс мерзімі бұйым
сатылған немесе өндірілген кезден есептеледі (егер сату күнін анықтау мүмкін болмаса).
Аспап өндірілген күнді бұйым корпусының сәйкестендіру жапсырмасындағы сериялық
нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 4-ші және 5-ші белгілер
айды, 6-шы және 7-ші — құрылғының шығарылған жылын білдіреді.
0001122333333
1 — өндірілген айы (01 — қаңтар, 02 — ақпан ... 12 — желтоқсан)
2 — өндірілген жылы (21 — 2021 ж., 22 — 2022 ж. ... 30 — 2030 ж.)
3 — үлгінің сериялық нөмірі
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы осы нұсқаулық
пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылғанда, сатып алынған
күнінен бастап 3 жылды құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін қалдықтарды қайта
өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес пайдаға асыру керек. Қоршаған ортаға
қамқорлық білдіріңіз: мұндай бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.
Кепілдіктен кейінгі жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді табуға
болады сайтта қолжетімді https://redmondsale.com
Добавить комментарий