
22
Басқару панелін құрсаулау
Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылғыда басқару панелін құрсаулау функциясы
қарастырылған. Ол функция түймелердің кездейсоқ басылып кетуінің алдын алады.
Басқару панелін стартқа дейінгі бағдарламалардың орнатуынан басқа әр түрлі тәртіпте
бұғаттауға/бұғаттан шығаруға болады.
Бұл үшін «Мин» батырмасын бірнеше секунд бойы басып және ұстап тұрыңыз: құрылғы
дыбысты сигнал шығарады, дисплейде символдар жанады [ ]. Құрсаулау режимінде кез-кел-
ген түймені басқан кезде дисплейде символдар пайда болады [ ].
Құрсаулаудан шығару үшін, «Мин» батырмасын бірнеше секунд бойы басып және ұстап
тұрыңыз: құрылғы дыбысты сигнал шығарады. Дисплейде символдар жанады ] [.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасынан басқа, автоматты бағдарламаларды пайда-
ланғандағы әрекеттердің жалпы тәртібі
МАҢЫЗДЫ! Егер сіз суды қайнатуға арналған құралды қолдансаңыз (мысалы, өнімдерді
пісіру үшін), дайындау температурасын 100°С-дан жоғары қоюға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Бұл құралдың қызып кетуіне және сынуына әкелуі мүмкін. Осы себеппен суды қайнату
үшін «ЖАРКА», «ВЫПЕЧКА» бағдарламаларын қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
1. Қажетті ингредиенттерді дайындаңыз (өлшеңіз).
Мультипісіргішпен жұмыс істегенде тек қана жиынтыққа кіретін немесе осы модельмен
үйлесетін тостағанды пайдаланыңыз. Үйлесімді тостағандарды «Қосымша аксессуарлар»
тарауында және www.redmond.company сайтында қараңыз. Басқа ыдыс пайдалануға ТЫЙ-
ЫМ САЛЫНАДЫ!
Өнімдерді тікелей тостағанда өңдеуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! Бұл күюге қарсы жабынның
бүлінуіне, тостағанның деформациялануына және аспаптың істен шығуына апаруы мүмкін.
2. Қоспаларды тостағанғанға рецепттер кітабының немесе тамақ дайындаудың Жиынтық
кестесі бағдарламаларының нұсқауларына (егер сіз өз рецептіңіз бойынша даярласаңыз)
жүгіне отырып салыңыз. Барлық ингредиенттердің, соның ішінде сұйықтық тостағанның
ішкі бетінде максималды белгісінен төмен болуын бақылаңыз. Тостаған қиғаштықсыз
орнатылғандығына және қыздырғыш элементпен тығыз жанасатындығына көз жеткізіңіз.
3. Құралдың қақпағын жабыңыз.
Кейбір бағдарламаларды қолдану кезінде ашық қақпақпен дайындау да қарастырылған
рецептер кітабының нұсқауын оқыңыз. Желі баусымын корпустағыжалғағышқа қосыңыз.
КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ! Егер сіз көп өсімдік майын қолданып, жоғары температурада тамақ
пісіретін болсаңыз, онда құралдың қақпағын ашық қалдырыңыз.
4. Қуа көзін корпустағы жалғағышқа қосыңыз.
5. Құралды электр желісіне қосыңыз. Құрал дыбыс дабылын береді және күту режиміне
түседі (–––– дисплейде көрсетілінеді).
6.
«Час» және «Мин» батырмалары арқылы дайындаудың керекті бағдарламасын
таңдаңыз. Бағдарламаларды ауыстырып қосу айналым бойынша жүреді, таңдалған
бағдарламаның индикаторы дисплейде жылтырайды.
7.
Егер сізді әдепкі бойынша орнатылған әзірлеу уақыты қанағаттандырмаса, сіз оның
шамасын өзгерте аласыз («Әзірлеу уақытын орнату» қараңыз). «МУЛЬТИПОВАР»
бағдарламасында бағдарлама таңдауы расталған соң қажетті әзірлеу температура-
сын орната аласыз («Әзірлеу температурасын орнату: «МУЛЬТИПОВАР» бағдарла-
масы» қараңыз).
8.
Қажет болса стартты кейінше қалдыру уақытын орнатыңыз («Бағдарламаның басталуын
кейінге қалдыру» қараңыз).
Әзірлеу бағдарламасын баптау кезінде «Отмена/Разогрев» пернелерін басу – аспапты
күту тәртіптемесіне ауыстырады (дисплейде – – – – көрінеді).
Орнату кезінде бір минуттың ішінде ешқандай да әрекет жасалмаса құрал күту ре
-
жиміне ауысады (–––– дисплейдекөрсетілінеді).
Орнатудың кез келген кезеңінде «Старт» батырмасын бірнеше секунд басу және ұстау
ағымдағы күйге келтірудің бағдарламасына әкеп соғады. Өзгертілмеген параметрлер
әдепкі қалпы бойынша қалады.
9. Әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін «Старт» пернесін басыңыз. Бағдарлама жұмыс
істеп тұрған кезде дисплейде таңдалған бағдарлама индикаторы жанады және әзірлеу
уақытының минуттық кері санағы жүреді. «Отмена/Разогрев» және «Старт» перне-
лерінің индикаторлары жанады. Егер автоысыту функциясы болса индика-
торы жанады («Автожылыту (дайын тағамдар температурасын сақтау)» қараңыз).
Таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты уақыттың кері санағы бірден немесе
тостағандағы қажетті температура мен қысымға жеткеннен кейін басталады.
Кейбір автоматты бағдарламада орнатылған әзірлеу уақытының есебі тек аспап
тапсырылған жұмыс температурасына шыққанда ғана басталады. Мысалы «НА ПАРУ»
бағдарламасында дайындауға берілген уақыттың есебі тек су қайнағаннан кейін және
тостағанда жеткілікті түрдегі қою будың пайда болуынан бастап қана басталады.
10. Бағдарламаның аяқталуы туралы дабыл дыбысы хабарлайды. Автоысыту бағдарлама-
сының жұмысы аяқталғаннан кейін дисплейде бірнеше секундқа «End» жазбасы пайда
болады содан кейін құрал күту режиміне ауысады ( – – – – дисплейде көрсетілінеді).
Енгізілген бағдарламаны, дайындау немесе автоысытқыш процесін тоқтату үшін,
«Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз.
Сапалы нәтиже алу үшін арнайы осы үлгілер үшін дайындалған мультипісіргіш РЕДМО-
НД RMC-03 қоса тіркелетін аспаздық кітаптағы тағамдар әзірлеу жөніндегі рецептілерді
пайдалануды ұсынамыз. Сәйкес рецептілерді сіз www.redmond.company сайтында таба
аласыз.
Әзірлеу уақытын орнату
RMC-03 мультипісіргіш пісіргіште «ЭКСПРЕСС» бағдарламасынан басқа, әр бағдарлама
үшін әзірлеу уақытын өздігінен орнатуға болады. Белгіленген уақыттың өзгеру қадамы
және ықтимал диапазоны таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты (Әзірлеу бағдар-
ламасының жиынтық кесте қараңыз).
Добавить комментарий