Redmond RKM-4045

Данная инструкция на русском языке предназначена для кухонного комбайна Redmond RKM-4045, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для кухонного комбайна представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
20
Аспапты муфтасын және/немесе қозғалтқыш білігін жаппастан қосуға ТЫЙЫМ СА-
ЛЫНАДЫ!
Ет тартқыш пен көкөніс турағыштың блоктарын ажыратып, блендердің құмырасын шеш-
кеннен кейін аспапқа қорғаныс пердешесі мен бітеуіш орнатуды ұмытпаңыз.
Аспаптың екіден көп функциясын бір уақытта пайдаланбаңыз.
Аспаптың жүктемемен бірге үздіксіз жұмыс уақыты 15 минут аспауы тиіс. Қосылулар
арасындағы ұсынылатын үзіліс – 30 минут.
Сондай-ақ жиынтыққа кіретін рецепттер кітабының нұсқауларын орындаңыз.
Аспаппен импульстік тәртіптемеде жұмыс жасау үшін жылдамдық реттегішті «Р» қалпына
келтіріп, 1–2 секунд үзілістермен 3–5 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Қозғалтқыш ең
жоғары жылдамдықта жұмыс істейді. Бұл тәртіптеме азық-түлікті өңдеу үдерісін жақсырақ
бақылауға мүмкіндік береді.
Ет тартқышпен және көкөніс турағышпен жұмыс істеген кезде импульстік тәртіп-
темені пайдалануға кеңес берілмейді.
Механикалық сынудан сақтану үшін жылдамдықты реттегішті шеткі жағдайдан әрі
бұрпаңыз!
Көпіршіткен кезде азық-түліктің көлемі ұлғаюы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Миксер
мен блендерді пайдаланған кезде олардың ыдыстарын жартысынан асырмай толтырыңыз.
Өңдеуді ең төмен жылдамдықта бастаңыз да, қажетінше жылдамдығын арттырып оты-
рыңыз.
Миксерді пайдалану
Аспаптың жеткізілім жиынтығына – миксерге арналған үш саптама кіреді:
сыпырғыш-саптама кілегейді, жұмыртқаны көпіршітеді, үлпілдек кремдер, мусстар,
әр-түрлі десерттер әзірлеуге мүмкіндік береді;
көпіршітуге арналған саптама кремдер, әйнекейлер, сұйық салындылар және тұздықтар
әзірлеу үшін пайдаланылады;
қамыр араластыруға арналған саптама қою ашытқы қамырды илеуге мүмкіндік береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Саптамаларын ауыстырмас бұрын аспапты міндетті түрде электр
желісінен ажыратыңыз.
Миксермен жұмыс істеген кезде, жиынтығына кіретін тостағанды ғана пайдаланыңыз.
Басқа ыдыс пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Тостағанды қақпақсыз пайдаланбауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Қалың қоспаларды дайындау үшін қондырма-тәжді пайдаланбаңыз, бұл оның сынуына
әкелуі мүмкін.
Көпіршітілуге арналған жұмыртқалардың саны үш данадан кем болмауына назар ауда-
рыңыз.
Іске қосар алдында орнатылған қондырма ыдысқа жеткеніне көз жеткізіңіз. Қажет
болса, өнім мөлшерін ұлғайтыңыз.
Миксерді құрастыру және пайдалану тәртібін A2 сұлбасында (5 бет) қараңыз.
Негізгі блокты көтеру/түсіру үшін, негізгі бөлікке арналған құлыптау түймесі тірелгенше
басыңыз.
Негізгі блокты түсіргенде мұқият болыңыз, саусақтарды салыңыз!
Тостағанды орнату үшін, оның дөңестерін аспаптағы ойықтарға келтіріп, сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
Қажетті саптаманы таңдап, оны саптама бекіткіштің саңылауына тірелгенше салыңыз да
(саптама білігіндегі дөңестер бекіткіштің ойықтарына кіруі тиіс), бұраңыз оңға. Саптаманы
шешу үшін, негізгі блокты ұстап тұрып оны астынан үстіне қарай басыңыз да, жайлап
бұраңыз сол жақ, тартыңыз.
Еттартқыштың пайдалану
Ет тартқышты құрастыру және әр-түрлі саптамалармен бірге пайдалану тәртібін тиісті
сұлбаларда қараңыз:
A3 (6 бет) – фаршты дайындау;
A4 (7 бет) – кішкене шұжықтарды дайындау;
A5 (8 бет) – кеббені дайындау (фаршталған кішкене шұжықтар);
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пышақты кескiш жиектерiн сыртқа қаратып орнатыныз. Пышақты
дұрыс орнатпау құралдын бұзулуына алып келуi мүмкiн.
Еттартқышқа сүйектер, тері, мұздатылған немесе ірі кесек еттерді салмаңыз. Бұл
құралдың қызмет мерзімін қысқартады және бұзылуына әкелуі мүмкін.
Шұжықшалар әзірлеу үшін тартылған етті дайындап, шұжықтың қабықшасын 20 минутқа
жылы суда сулаңыз да, оны саптама конусына толығымен кигізіп, оның бос ұшын шығаберіс
саңылаудан 1-2 см қашықтықта байлаңыз. Тартылған етпен толытырлуына қарай қабық-
шаны саптамадан шешіңіз. Шұжықшаның қалаулы ұзындығына қол жеткізілгеннен кейін
аспапты сөндіріп, қабықшаны шығаберіс саңылау тұсынан байлап кесіңіз. Тартылған еттің
қалған бөлігімен осыны қайталаңыз.
Кеббе әзірлеу үшін сыртқы қабықшаға арналған тартылған ет пен салынды дайындаңыз.
Іші қуыс шұжықшаның саптама саңылауынан шығып тұрған ұшын қысыңыз. Шұжықтың
қалаулы ұзындығына қол жеткізілгеннен кейін аспапты сөндіріп, шұжықшаны саптама
түсынан кесіңіз. Шұжықшаны дайындалған салындымен толтырып, оны қысыңыз.
Көкөніс кескішінің пайдалану
Құралды тазарту және пайдалану ретін тиісті сызбалардан A6 қараңыз (9 бет).
Көкеніс турағыш блогынан саптамаларды алу үшін оны сағат тіліне қарсы сәл бұрап,
өзіңізге қарай тартыңыз.
Блендерді пайдалану
Блендер балаларға арналған тағамның, сергіткіш коктейльдің, көже-езбенің ингредиентерді
уақтайды және бірдей етіп араластырады, майонезін және сұйық қамыр жасауға тағайын-
далған.
Страницы: Стр: 20
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Кухонные комбайны Redmond