
10
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
•
Осы бұйымды пайдаланбас бұрын пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз.
Аспапты дұрыс пайдалану оның қызметінің мерзімін ұзартады.
•
Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда әзірлеуге арналған көпфунк-
ционалды құрылғы болып табылады және пәтерлерде, қала сыртындағы
үйлерде немесе өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдайларын-
да қолданыла алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген басқа
мақсатсыз пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын бұзу болып
табылады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бер-
мейді.
•
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның кернеуі аспаптың
номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техника-
лық сипаттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
•
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш қолданыңыз: пара-
метрлердің сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің жануы-
на әкеліп соқтыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап қызады! Абай бо-
лыңыз!
•
Аспап электр желісіне қосылғанша қараусыз қалмауы тиіс.
•
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған немесе тасымал-
даған кезде розеткіден өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселі-
нен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
•
Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында немесе жылу көздерінің
жанында тартпаңыз. Электр бауының бұралмағанын және иілмегенін,
үшкір заттарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін қадағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректендіру кабелі зақымда-
луы кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен
қатар электр тоғына ұрынуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Зақымдалған электр кабелі сервис-орталықта жедел ауысты-
руды талап етеді.
•
Аспапты металлдылардың үстіне (немесе 10 см қалындықтан кем емес
металл емес төсемді қолданыңыз), жұмсақ және термотұрақтының
үстіне орнатпаңыз. Желдетпе тесікті жаппаңыз.
•
Аспапты жылу көзіне немесе ашық отқа жақын орнатпаңыз.
Аспапты орнатылған ыдыссыз немесе бос ыдыспен қосуға ТЫЙ-
ЫМ САЛЫНАДЫ.
•
Пышақтар, шанышқылар, қасықтар және қақпақтар секілді металлдық
заттарды конфоркалық панельдің үстіне қоюға болмайды, себебі олар
қызуы мүмкін. Конфоркаға бөгде заттарды салмаңыз.
•
Сыртын соққыдан сақтаңыз, бұл оны зақымдауы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер үсті жарылған жағдайда,электрлық
тоқтың соғуын алдын алу үшін аспапты сөндіріңіз!
•
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады: құрылғы корпусының
ішіне су немесе бөгде заттардың түсуі оны қатты зақымдауы мүмкін.
•
Бұл құрылғы теңіз деңгейінен максималды 2000 метрге дейін болған
биіктікте пайдалануға арналған.
•
Аспапты тазалар алдында оның электр желісінен өшіріліп, толық суыға-
нына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқауларды қатаң
ұстаныңыз
Добавить комментарий