
25
RCM-M1513
KAZ
Егер қателікті дұрыстай алмасаңыз, авторизацияланған
сервистік орталыққа жүгініңіз.
V. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 12 ай мерзіміне кепілдік
беріледі. Кепілдік кезеңі ішінде дайындаушы жөндеу, бөлшек-
терді ауыстыру немесе барлық бұйымды ауыстыру жолымен
кез келген зауыттық ақауларды жоюға міндеттенеді. Кепілдік
тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонында дүкен
мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне
енеді. Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа
сәйкес қолданылған, жөнделмеген, бұзылмаған және онымен
дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде зақымданбаған, сонымен
қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда танылады.
Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын материал-
дарына таралмайды (сүзгілер және т. б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен кепілдік міндеттемелердің жа-
рамдылық мерзімі өндірілген кезден бастап немесе бұйым
жасалған кезден бастап есептеледі (егер сатылған күнін анықтау
мүмкін болмаса).
Аспаптың өндірілген кезі бұйым корпусындағы сәйкестендіру
жапсырмасында орналасқан сериялық нөмірден табуға болады.
Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 4-ші және 5-ші белгілер
айды, 6-шы және 7-ші— құрылғының шығарылған жылын біл-
діреді.
0001122333333
1 — өндірілген айы (01 — қаңтар, 02 — ақпан ... 12 — желтоқсан)
2 — өндірілген жылы (21 — 2021 ж., 22 — 2022 ж. ... 30 — 2030 ж.)
3 — үлгінің сериялық нөмірі
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның
пайдаланылуы осы нұсқаулық пен қолданылатын техникалық
стандарттарға сәйкес жүруі жағдайында сатып алынған күнінен
3 жылды құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың
өзін қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жергілікті бағдар-
ламаға сәйкес пайдаға асыру керек. Мұндай бұйымдарды
әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.
Кепілдіктен кейінгі жөндеуге арналған
қосалқы бөлшектерді табуға болады сайт-
та қолжетімді https://redmondsale.com
Добавить комментарий