
15
RCM-1521
KAZ
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқи-
ят оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде сақтап
қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қызметінің мерзімін
ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар
құралды қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық жағдай-
ларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде қолда-
нушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
•
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын
және бұйымды пайдалану ережелерін сақтамау-
дан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
•
Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда әзірле-
уге арналған көпфункционалды құрылғы болып
табылады және пәтерлерде, қала сыртындағы
үйлерде немесе өнеркәсіптік емес пайдаланудың
басқа жағдайларында қолданыла алады. Құрылғы-
ны өнеркәсіптік немесе кез келген басқа мақсатсыз
пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын
бұзу болып табылады. Бұл жағдайда өндіруші ықти-
мал салдарлар үшін жауап бермейді.
•
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның
кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық си-
паттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
•
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш
қолданыңыз: параметрлердің сәйкессіздігі қысқа
тұйықталуға немесе кабельдің жануына әкеліп
соқтыруы мүмкін.
•
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана
қосыңыз, — бұл электр қауіпсіздігінің міндетті
талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның жер-
лендірілетініне көз жеткізіңіз.
•
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны та-
залаған немесе тасымалдаған кезде розеткіден
өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселі-
нен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап
қызады! Абай болыңыз! Аспап корпусына
жұмыс істеп тұрғанда қол тигізбеңіз.
Добавить комментарий