
RAC-3708
9
RUS
KAZ
UKR
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп,абай әрі мұқият болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
•
Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану ере-
желерін ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін өндіруші жау-
апкершілікке тартылмайды.
•
Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда қолдан-арналған
құрылғы болып табылады және пәтерлерде, қала сыртындағы
үйлерде немесе өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдай-
ларында қолданыла алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез
келген басқа мақсатсыз пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану
шарттарын бұзу болып табылады. Бұл жағдайда өндіруші ықти-
мал салдарлар үшін жауап бермейді.
•
Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап
қоректенуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз
(бұйымның техникалық сипаттамасын немесе зауыттық кесте-
шесін қараңыз).
•
Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайда-
ланыңыз — параметрлердің сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға
немесе кабельдің тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе
жылжыту кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сы-
мынан ұстамай, ашасынан құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
•
Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасын-
да жүргізбеңіз. Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір
заттарға, жиһаздың бұрыштары мен шеттеріне тимеуін бай-
қаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: электр қоректену кабелін кездейсоқ зақымда-
саңыз, кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, со-
нымен қатар электр тоғының соғуына әкеліп соқтыруы мүм-
кін. Зақымданған электр бауы сервис-орталықта жылдам
ауыстыруды талап етеді.
•
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады — құрылғы
корпусының ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты
зақымдар болуы мүмкін.
•
Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылға-
нына және толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау
бойынша нұсқаулықтарды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
•
Бұйым қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғалардың байқауын-
да болмаған балалардың, тиісті біліктілік пен тәжірибесі жоқ,
сонымен қатар физикалық, сенсорлық, ақыл-ой қабілеттері
шектелген адамдардың пайдалануына арналмаған. Балаларды
қосылып тұрған аспаптың қасында қараусыз қалдырмаңыз.
•
Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс
енгізуге тыйым салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойын-
ша барлық жұмыстарды авторландырылған сервис-орталық
жасауы керек. Біліксіз жасалған жұмыс аспаптың бұзылуына,
жарақат пен мүлік зақымдануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты кез келген ақау болғанда пайда-
лануға тыйым салынады.
Добавить комментарий