
18
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде
сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қыз-
метінің мерзімін ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар
құралды қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық жағдай-
ларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
•
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын
және бұйымды пайдалану ережелерін сақтама-
удан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
•
Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда қол-
данарналған құрылғы болып табылады және
пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде немесе
өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдай-
ларында қолданыла алады. Құрылғыны өнер-
кәсіптік немесе кез келген басқа мақсатсыз
пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын
бұзу болып табылады. Бұл жағдайда өндіруші
ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
•
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында
оның кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне
сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техни-
калық сипаттамалары немесе зауыттық ке-
стесін қараңыз).
•
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген
ұзартқыш қолданыңыз: параметрлердің сәй-
кессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің
жануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана
қосыңыз,— бұл электр қауіпсіздігінің міндетті
талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның
жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.
•
Жұмыс кезінде құралдың металл бөлшектері
қызады. Құрал электр желісіне қосулы кезде
қол тигізбеңіз. Өнімді салмай құралды
қоспаңыз. Қызып тұрған құралдың ішкі бет-
теріне ешуақыт қол тигізбеңіз.
•
Өнімдер жануы мүмкін, сондықтан құралдың
тез жанғыш заттардың жанында пайдаланбау
керек, мысалы перде.
Добавить комментарий