
KM237
15
KAZ
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде
сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қыз-
метінің мерзімін ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар
құралды қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық жағдай-
ларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
•
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын
және бұйымды пайдалану ережелерін сақтама-
удан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
•
Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы
үйлерде емес пайдаланудың кез келген басқа
осындай жағдайларда пайдаланыла алады.
Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген
мақсатсыз пайдалану бұйымды тиісті түрде пай-
далану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл
жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін
жауап бермейді.
•
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның
кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық си-
паттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
•
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген
ұзартқыш қолданыңыз: параметрлердің сәй-
кессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің
жануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана
қосыңыз, — бұл электр қауіпсіздігінің міндетті
талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның
жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.
•
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны
тазалаған немесе тасымалдаған кезде розет-
кіден өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес,
штепселінен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шыға-
рыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап
қызады! Абай болыңыз! Аспап корпусына
жұмыс істеп тұрғанда қол тигізбеңіз.
Ыстық будан күйіп қалмау үшін қақпақты
ашқанда құрылғы үстіне еңкеймеңіз.
Добавить комментарий