
J1402
15
KAZ
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойын-
ша нұсқаулықты мұқият оқыңыз және анықтамалық ретін-
де сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз, оның
қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар
құралды қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық жағдай-
ларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде қолда-
нушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
•
Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пай-
далану ережелерін ұстанбаудан туындаған зақымдар
үшін өндіруші жауапкершілікке тартылмайды.
•
Аспап тек тұрмыстық пайдалануға арналған.
Құрылғының өндірістік немесе кез келген басқа
пайдаланылуы бұйымды дұрыс пайдалану ереже-
лерінің бұзылысы болып табылады.
•
Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның
кернеуі аспап қоректенуінің номиналды керне-
уіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның тех-
никалық сипаттамасын немесе зауыттық кесте-
шесін қараңыз).
•
Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған
ұзартқышты пайдаланыңыз — параметрлердің
сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе ка-
бельдің тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны та-
залаған немесе тасымалдаған кезде розеткіден
өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселі-
нен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
•
Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында
немесе жылу көздерінің жанында тартпаңыз.
Электр бауының бұралмағанын және иілмегенін,
үшкір заттарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін
қадағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректен-
діру кабелі зақымдалуы кепілдік шартта-
рына сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен
қатар электр тоғына ұрынуға әкеліп
соқтыруы мүмкін. Зақымдалған электр ка-
белі сервис-орталықта жедел ауыстыруды
талап етеді.
Добавить комментарий