
IR1604
19
KAZ
Өндіруші келесі өзгерістер туралы қосымша хабарландыру-
сыз өз өнімдерін жетілдіру барысында дизайнға, жинақталуға,
сонымен қатар бұйымның техникалық сипаттамаларына
өзгерістер енгізуге құқылы. Техникалық сипаттамаларда
±10% қателікке жол беріледі.
Құрылғысы (A1 сурет, 4 бет)
1. Қыш жабындысы табан
2.
Ыдыста судың ең үлкен
деңгейінің белгісі (үтік тік
тұрғанда)
3.
Табан температурасын
реттегіші
4. Су ыдысы
5. Индикаторы
6. Су бүріккіш тесігі
7. Су ыдысының қақпағы
8. Бу жіберу реттегіші
9. Суды шашырату түймеші-
гі
10.
Буды қарқынды жіберу
түймешігі
11. Тұтқа
12. Қоректену бауы бекіту
13. Электр қоректену бауы
14. Өлшеу стақаны
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз.
Барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсырмаларды
алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш
(бар болса) және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені
орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң
аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағатқа бөлме тем-
пературасында ұстау керек.
Электр бауды толық жайыңыз. Аспап корпусын ылғал матамен
сүртіңіз, аспаптың барлық элементтерін электр желіге қосар
алдында мұқият кептіріңіз.
Жаңа үтіктің кейбір бөлшектеріне қорғаныс жабыны қап-
талған, сондықтан бірінші рет қосқан кезде жағымсыз иіс
пайда болуы мүмкін. Бұл құралдың жұмысына қауіпсіз және
тез кететін уақытша құбылыс.
Барлық аспаптар құрастыру желісінде сапаны бақылаудан
өтеді, жаңа үтіктің суына арналған резервуарда конденсат
болуы мүмкін – бұл қалыпты.
I I . ҮТІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Су ыдысын толтыру (A2 сурет, 5 бет)
1. Аспап электр желіге қосылмағанына көз жеткізіңіз. Табан-
ның қыздыру реттегішін сағат тіліне қарсы тоқтағанша
бұраңыз, бу жіберу реттегіші күйіне ауыстырыңыз.
2. Су ыдысы қақпағын ашыңыз, үтік ұшын жоғары көтеріңіз.
Өлшеу стақаны көмегімен ыдысқа аспап корпусындағы
«MAX» белгісінен асырмай су құйыңыз.
3. Ыдыс қақпағын жабыңыз.
4. Үтікті тік қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Су аспап корпусының ішіне немесе электр
қоректену бауына тимеуі үшін оны кранның өзінен құймаңыз.
Аспап құбырдағы сумен жұмыс істеуге арналған. Егер өңіріңіз-
де су өте кермек болса, құбырдағы және дистилляцияланған
суды 1:1 пропорциясымен араластыруға кеңес беріледі.
Добавить комментарий