
HF2203
13
KAZ
Шығатын бу түсқағаз, декоративті жабындылар, электрондық аспаптар мен жоғары ылғал-
дылық зардап шегуі мүмкін басқа заттарға немесе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс
көлденең бетке орнатыңыз.
Ауа ылғалдағышты орнату орнын таңдаған кезде төменде келтірілген ұсынымдарды орын-
даңыз.
• Қыздырылған еден жөніндегі, ылңалдағышты жылыту құралдарынан тікелей жақын-
дықта орнатпаңыз.
•
Ылғалдағышты жиһаз бен электр құралдарынан тікелей жақындықта орнатпаңыз,
сондай-ақ оны желдету қуыстарының жанында орнатпаңыз.
•
Ылғалдағышты ауыстыру кезінде тек негіздемесінен ұстаңыз, бұл кезде суға арналған
резервуарды ұстау керек.
• Ауа ылғалдағышты сумен толтырылған орнатылған сұйыққоймасымен ғана қосыңыз.
•
Корпусының сиықсыздануын немесе өңсізденуін болдырмас үшін, температурасы
40°С-ден асатын суды сұйыққоймаға құймаңыз және тазалау үшін пайдаланбаңыз.
• Суды бу шығатын саңылау арқылы құймаңыз.
• Суды тікелей жұмыс камерасына құймаңыз.
• Суға арналған сұйыққоймаға және бу шығатын саңылауға бөтен заттар мен химикат-
тардың түсуіне жол бермеңіз.
• Аспап жұмыс істеп тұрған кезде бу шығатын саңылауды жаппаңыз.
• Сұйыққоймадағы судың қатуына жол бермеңіз.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Суға арналған сұйыққойманы толтыру (A2 сурет, 4 бет)
Су резервуарын толтырған кезде аспап электр желісінен өшірулі болуы тиіс.
1. Резервуардың қақпағын алыңыз.
2. Су резервуарын құрылғының негізінен алу үшін тұтқасын жоғары қарай тартыңыз.
3. Сүзгіні — температурасы 10°С-ден 40°С-ге дейінгі MAX белгісінен жоғары емес та-
зартылған сумен толтырыңыз.
Су құбырынан шығатын суды қолданар алдында тәулік бойы қалдыру ұсынылады. Тым
қатты тазартылмаған суды қолдану жұмыс камерасында және жақын жерде орналасқан
заттарда тоттың пайда болуына, сүзгінің ластануына әкелуі мүмкін.
Суға тазарту құралдары, хош иісті майлар, парфюмерлі құралдар және т.б. қосуға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Тоңазытқыш саңылауы арқылы аспапты сумен толтыруға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Ылғалдылық деңгейі сезбегіне сұйықтық төгілуін болдырмаңыз!
4.
Суға арналған сұйыққойманы аспапқа орнатыңыз. Су жұмыс камерасына беріле
бастайды.
5. Қақпақты су ыдысына орнатыңыз.
Пайдалану
1.
Аспапты электр желісіне қосыңыз, дыбыстық сигнал естіледі, дисплей біраз уақыт
жанады, содан кейін сөнеді. Аспап күту режимінде.
2.
Аспаптың панелінде немесе ҚБ пультінде түймесін басыңыз, аспаптан дыбыстық
сигнал естіліп. Аспап стандартты тәртіптемеде жұмыс істей бастайды: дисплей кезекпен
бөлмедегі ылғалдандыру қарқындылығының деңгейін (әдепкі деңгей ең төменгі
қарқындылыққа орнатылған), температураны (°C) және ағымдағы ылғалдылық дең-
гейін (%) көрсетеді. Ылғалдылық деңгейінің қарқын-дылығын өзгерту үшін аспаптың
панелінде немесе ҚБ пультінде түймесін басыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Резервуарда су жоқ кезде немесе суға арналған резервуарсыз ылғал-
датқышты қосуға болмайды. Құралдың жұмысындағы бұзушылықтарды болдырмау
үшін жұмыс кезінде резервуарды шешуге тыйым салынады.
Егер аспап электр желісінен аз уақытқа ажыратылған болса, қайта қосқан кезде ды-
быстық сигнал болмауы мүмкін.
Екі айналмалы шүмектің арқасында Сіз будың шығу бағытын баптай аласыз.
3.
Сұйыққоймада су деңгейі сыни төмендеген жағдайда аспаптан екі дыбыстық сигнал естіліп,
ол автоматты түрде жұмысын тоқтатады, дисплейде Err деген жазу жыпылықтайды. Мұн-
дай жағдайда аспаптың басқару панелінде немесе ҚБ пультінде түймесін басып,
аспапты электр желісінен ажыратыңыз да, суға арналған сұйыққойманы толтырыңыз.
4. Аспапты күту тәртіптемесіне қолмен ауыстыру үшін аспаптың басқару панелінде
немесе ҚБ пультінде түймесін басыңыз, индикациясы сөнеді. Аспапты пайдалану-
ды аяқтағаннан кейін оны электр желісінен ажыратып, сұйыққоймада және жұмыс
камерасында қалған суды ағызып жіберіңіз.
«Жылы бу» функциясы
Бұл тәртіптемеде су ультрадыбыстық мембранаға берілудің алдында қыз-дырылып, ылғал-
дағыштан жылы бу шығады. Қыздырудың нәтижесінде (пастерлеу әсері) белгілі ауру туды-
рғыш бактериялар мен микроағзалардың басым көпшілігі өледі. Сонымен қатар, жоғары
температураның есебінен аспаптағы бу түзілу қарқындырақ жүреді, осылайша жылы су
үй-жайдағы ауаны жылдамырақ ылғалдандырады және хош иісті майларды тиімдірек
таратады (хош иістендіру функциясы пайдаланылған жағдайда).
«Жылы бу» функциясын қосу/сөндіру үшін аспаптың басқару панелінде немесе ҚБ
пультінде түймесін басыңыз. Егер функция белсенді болса, дисплейде көрсеткіші
пайда болады.
УК-шамы
Аспап кіріктірілген УК-шаммен жабдықталған, ол ауаны микробтар мен аллергендерден
тазалауға көмектеседі, сонымен қатар иістердің қалдығын кетіреді. УК-шамды қосу/сөндіру
үшін түймесін бірнеше секунд басып тұрыңыз немесе қашықтан басқару құралындағы
түймесін басыңыз. Егер функция белсенді болса, дисплейде U-V көрсеткіші пайда бо-
лады.
Добавить комментарий