
HF2201S
17
KAZ
тұрыңыз немесе қашықтан басқару пультіндегі түймешігін басыңыз. Дисплейде
индикаторы пайда болады, қалған индикациясы ( индикаторынан басқа, R4S REDMOND
қосылымы белсенді болса) өшеді.
Артқы жарық қосулы болса, ол жанып тұрады.
Дисплейді біраз уақыт қосу үшін басқару панеліндегі немесе қашықтан басқару пультін-
дегі кез келген түймені басыңыз. Басқару панелін және дисплей шамдарын қайта қосу үшін
басқару тақтасындағы ПОДСВЕТКА түймесін дыбыстық сигнал естілгенше басып тұрыңыз
немесе қашықтан басқару пультіндегі түймешігін басыңыз, индикаторы сөнеді.
Ылғалдандыру қарқындылығын ретке келтіру
Ылғалдандыру қарқындылығын (1-ден 3-ке дейін) құрылғы панеліндегі ПАР түймесін басу
арқылы реттеуге болады немесе қашықтан басқару пультіндегі түймешігін басып,
ағымдағы мән таймер уақытында және ылғалдандыру қарқындылығы деңгейінің индика-
торында көрсетіледі.
Ылғалдылық деңгейін ретке келтіру
Сіз 5% қадамымен 30%-дан 80%-ға дейінгі диапазонда ылғалдылықтың қалаулы деңгейін
бере аласыз.
Аспаптың панеліндегі ВЛАЖНОСТЬ немесе ҚБ пультіндегі түймесін баса отырып қала-
улы мәнді таңдаңыз, ауыстырып қосу шеңбер бойынша жүзеге асады. Таңдалған мәндер
дисплейде бірнеше рет жыпылықтап, автоматты түрде сақталады, дисплей ылғалдылық
пен температураның ағымдағы деңгейін көрсетуге қайта оралады. Егер функция белсенді
болса, дисплейде индикаторы жанады.
Берілген ылғылдылық деңгейіне жеткенде құрал автоматты түрде бу жіберуді тоқтатады,
ылғылдану қарқыны индикаторы сөнеді. Егер бөлмедегі ылғылдылық деңгейі белгіленген-
нен төмен түсіп кетсе, қайтадан бу жіберу іске қосылады. Берілген ылғалдылық деңгейін
ұстап тұру функциясын өшіру үшін ВЛАЖНОСТЬ түймесін дыбыстық сигнал шыққанша
басып тұрыңыз немесе құрылғы панеліндегі ВЛАЖНОСТЬ түймесін немесе қашықтан
басқару пультіндегі түймесін басу арқылы «— —» мәнін таңдаңыз, индикаторы
сөнеді.
«Жылы бу» функциясы
Бұл тәртіптемеде су ультрадыбыстық мембранаға берілудің алдында қыз-дырылып, ылғал-
дағыштан жылы бу шығады. Қыздырудың нәтижесінде (пастерлеу әсері) белгілі ауру туды-
рғыш бактериялар мен микроағзалардың басым көпшілігі өледі. Сонымен қатар, жоғары
температураның есебінен аспаптағы бу түзілу қарқындырақ жүреді, осылайша жылы су
үй-жайдағы ауаны жылдамырақ ылғалдандырады және хош иісті майларды тиімдірек
таратады (хош иістендіру функциясы пайдаланылған жағдайда).
«Жылы бу» функциясын қосу/сөндіру үшін аспаптың басқару панелінде ТЕПЛЫЙ ПАР не-
месе ҚБ пультінде түймесін басыңыз. Егер функция белсенді болса, дисплейде
индикаторы жанады.
УК-шамы
Аспап кіріктірілген УК-шаммен жабдықталған, ол ауаны микробтар мен аллергендерден
тазалауға көмектеседі, сонымен қатар иістердің қалдығын кетіреді. УК-шамды қосу/сөндіру
үшін аспаптың басқару панелінде УФ немесе қашықтан басқару құралындағы түймесін
басыңыз. Егер функция белсенді болса, дисплейде индикаторы жанады.
Ионизациялау функциясы
Аспап кірістіре орнатылған иондар генераторымен жабдықталған. Ылғалданған иондалған
ауа шаңның барынша жылдам басылуына жағдай жасайды, бұл – ылғалдық жиыстыруды
жеңілдетеді және оның тиімділігін арттырады, сондай-ақ ауаны микробтар мен аллерген-
дерден тазалауға жәрдемдеседі. Сонымен қатар, иондалған ауа көңілкүй мен ұйқыны
жақсартады, шаршағыштықты төмендетеді.
Иондау функциясын қосу/сөндіру үшін аспаптың басқару панелінде ИОНИЗАЦИЯ немесе
ҚБ пультінде түймесін басыңыз. Егер функция белсенді болса, дисплейде индика-
торы жанады.
Сөндіру таймері
Сіз 1 сағат қадамымен 1 сағаттан 12 сағатқа дейінгі диапазонда аспапты сөндіру уақытын
бере аласыз. Таймерді орнату үшін аспаптың басқару панелінде ТАЙМЕР немесе ҚБ пуль-
тінде түймесін басыңыз, ауыстырып қосу шеңбер бойынша жүзеге асады. Берілген
уақыт аралығы біткеннен кейін аспап автоматты түрде күту тәртіптемесіне өтеді. Егер
функция белсенді болса, сәйкес индикатор кезекпен ылғалдандыру қарқындылығының
ағымдағы деңгейін және автоматты өшіру алдындағы қалған сағат санын көрсетеді (инди-
катор h), TIMER индикаторы жанады.
Таймер функциясын өшіру үшін ТАЙМЕР түймесін дыбыстық сигнал шыққанша басып
тұрыңыз немесе құрылғы панеліндегі ТАЙМЕР үймесін немесе қашықтан басқару пультін-
дегі түймесін басу арқылы «— —» мәнін таңдаңыз, TIMER индикаторы сөнеді.
Хош иістендіру функциясы
Хош иістендіру әсеріне қол жеткізу үшін, аспапты қосар алдында аспаптың түпқоймасын
дағы ойықтан спонжы бар арнайы тұрынтақты шығарып алыңыз да, оған бірнеше тамшы
хош иісті май жағыңыз. Пайдаланғаннан кейін немесе хош иістендіруді тоқтатқаннан кейін
спонжы бар тұрынтақты шығарып алып, оны ағын сумен жуыңыз да, аспапқа орнатар ал-
дында бөлме температурасында толығымен кептіріңіз.
III. АСПАП КҮТІМІ
Тазалау жөніндегі жалпы ұсыныстар
Құралды тазалауға кіріспес бұрын, оның электр желісінен ажыраулы екендігіне көз жет-
кізіңіз. Бұйымның тұрқын ылғалды шүберек немесе губкамен тазартыңыз. Бұйымның тұрқын
ылғалды сүлгімен немесе губкамен тазарту керек. Деликатты тазарту құралын қолдану
Добавить комментарий