
22
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық .............................................1 дана
Сервисті кітапша ...........................................................................1 дана
Өндіруші келесі өзгерістер туралы қосымша хабарландыру-
сыз өз өнімдерін жетілдіру барысында дизайнға, жинақталуға,
сонымен қатар бұйымның техникалық сипаттамаларына
өзгерістер енгізуге құқылы. Техникалық сипаттамаларда
±10% қателікке жол беріледі.
Аспаптың құрылымы (A1 сурет, 4 бет)
1. Аспаптың корпусы
2. Шыныаяқтарды ысытуға арналған үсті
3. Суға арналған алмалысалмалы контейнер
4. Су ыдысының тұтқасы
5. Буды қарқынды түрде беруді бақылау
6. Бу беру құрылғысы
7. Бу жіберу үшін сопло
8. Басқару панелі
9. Энкодер — автоматты дайындау бағдарламалары таңдау
10. Жұмыс индикаторы
11. Дисплей
12. батырмасы – құралды қосу/ажырату
13. индикаторы – эспрессо дайындау
14. индикаторы – қос эспрессо дайындау
15. индикаторы – сүтті көбік дайындау
16. индикаторы – ыстық су беру
17. Сүзгіш ұстағыш
18.
Бір шыныаяққа арналған сүзгіш (1cup белгісі сүзгіш түбін-
де таңбаланған)
19.
Екі шыныаяқ үшін сүзгіш (2cup белгісі сүзгіш түбінде
таңбаланған)
20. Темпер бар өлшеуіш қасық
21. Тазалау құралы
22. Тамшыларды жинауға арналған астаудың торы
23. Тамшыларды жинайтын астау
24. Тамшыларды жинайтын астаудың толу индикаторы
25. Сүзгі шығысы
26. Электр сымы
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз.
Барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсырмаларды
алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш
(бар болса) және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені
орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң
аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағатқа бөлме тем-
пературасында ұстау керек.
Электр бауды толық жайыңыз. Алмалысалмалы бөлшектерін
жылы сумен жуып, электр желісіне қосар алдында құралдың
барлық элементтерін мұқият кептіріңіз.
Добавить комментарий