
KAZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты кез келген ақау болғанда пайдалануға
тыйым салынады.
Техникалық сипаттамалар
Үлгі ....................................................................................................................... CG804
Қуаты ...................................................................................................................200 Вт
Кернеу .......................................................................................220-240 В, 50/60 Гц
Электр тоғымен зақымданудан қорғау ............................................. II дәреже
Қызып кетуден сақтау .........................................................................................бар
Қақпағы ашық кезде қосылудан қорғаныс .................................................бар
Корпус материалы ........................................................................металл, пластик
Пышақтың материалы......................................................тот баспайтын құрыш
Максималды жүктемесі .....................................................................................50 г
Басқару типі .........................................................................электромеханикалық
Шу деңгейі ...............................................................................................72 дБ дейін
Электр бау сақтауға арналған ұяшық ............................................................бар
Габаритті өлшемдері
(ені × биіктігі × ұзындығы)......................................................95 × 162 × 95 мм
Таза салмақ ..........................................................................................................693 г
Жинағы
Кофе ұнтақтағыш ............................................................................................1 дана
Тазалау үшін қылшақ.....................................................................................1 дана
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық / кепілдік талоны............................1 дана
Өндіруші келесі өзгерістер туралы қосымша хабарландырусыз өз
өнімдерін жетілдіру барысында дизайнға, жинақталуға, сонымен қатар
бұйымның техникалық сипаттамаларына өзгерістер енгізуге құқылы.
Техникалық сипаттамаларда ±10% қателікке жол беріледі.
Аспаптың құрылымы A1
1. Электр сымын сақтауға арналған бөліктері бар құралдың тұрқы
2. Алмалы-салмалы қорғаныс қақпағы
3. Ыдысы
4. Ротациялық пышақ
5. Қосу батырмасы
6. Электр қуатының сымы
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық
орау материалдары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса)
және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті
түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты
қосар алдында кем дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау
керек.
Желілік сымды толықтай тарқатыңыз. Құрылғыны тегіс қатты көлдеңен
бетке орналастырыңыз. Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Шешіл-
мелі бөлшектерді сабынды сумен жуыңыз, аспаптың барлық элементтерін
электр желіге қосаралдында мұқият кептіріңіз.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жалпы ұсыныстар
• Кофені тығыз етіп жабылған шыны банкалар немесе вакуумды қаптама-
ларда сақтаңыз. Ауада кофе дәндері дәмі мен хошиісін жоғалта отырып,
қышқылданады.
•
Кофенің ең үздік дәмі мен хош иісіне қолжеткізу үшін сусынды дәл
дайындар алдында дәнді ұнтақтаңыз.
•
Барынша ұсақ ұнтақ алуға тырыспаңыз: кофені қайнатудың түрлі тәсілдері
кофе дәндерін түрлі дәрежеде ұнтақтауды талап етеді. Осылайша, кофе-
машиналарында экспрессоны әзірлеу кезінде дәндер ұсақ, бірақ кофенің
қабатынан қайнаған су еркін өтуі үшін тым қатты кішкентай етіп ұнтақтал-
мауы керек.
Пайдалану
Жұмысты бастар алдында құралдың сыртқы және көзге көрінетін ішкі бөл-
шектерінің ақаулықтары, сынықтары мен басқа зақымдарының болмауына
көз жеткізіңіз. Құрал кофе дәндері мен дәмдеуіштерін ұнтақтауға арналған.
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты
дұрыс пайдалансаңыз, оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану
кезінде туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл
құрылғымен жұмыс кезінде қолданушы ақылға сүйеніп,абай әрі мұқият
болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
• Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану ереже-
лерін ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін өндіруші жауапкер-
шілікке тартылмайды.
•
Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда қолданарналған құрылғы
болып табылады және пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде не-
месе өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдайларында қол-
даныла алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген басқа
мақсатсыз пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын бұзу
болып табылады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін
жауап бермейді.
• Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның кернеуі аспаптың
номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның тех-
никалық сипаттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
•
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш қолданыңыз:
параметрлердің сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің
жануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған немесе тасы-
малдаған кезде розеткіден өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес,
штепселінен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
•
Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында немесе жылу көз-
дерінің жанында тартпаңыз. Электр бауының бұралмағанын және
иілмегенін, үшкір заттарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін қа-
дағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректендіру кабелі зақымдалуы ке-
пілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен қатар
электр тоғына ұрынуға әкеліп соқтыруы мүмкін. Зақымдалған электр
кабелі сервис-орталықта жедел ауыстыруды талап етеді.
•
Құралды тек қорғаныс қақпағы жабық кезде қолдануға рұқсат етіледі.
Құрал электр желісіне қосулы кезде ротациялық пышақтарға қол
тигізуге, сондай-ақ пышақтарды қолмен айналдыруға тыйым салына-
ды.
•
Бөгде заттарды кофеұнтақтағыштың ыдысына салмаңыз. Құралды
пайдалану кезінде абай болыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған кезде құралдың қозғалып тұрған бөліктеріне қол
тигізуге тыйым салынады.
• Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады: құрылғы корпу-
сының ішіне су немесе бөгде заттардың түсуі оны қатты зақымдауы
мүмкін.
•
Аспапты тазалар алдында оның электр желісінен өшіріліп, толық
суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқауларды
қатаң ұстаныңыз.
Аспап тіреуіш және корпусын суға батыруға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
• Бұл аспап физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар
немесе тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдардың (оның ішінде
балалардың) қолдануына арналмаған, мұндай тұлғалар қадағаланып,
олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға осы аспапты қолдануға
қатысты нұсқау жасалған жағдайлардан басқа. Балалардың аспаппен,
оның жинақтаушыларымен, сонымен қатар зауыттық орамымен
ойнауына жол бермеу мақсатында қадағалап отыру қажет. Құрылғы-
ны тазалау және қызмет көрсетуді балалар ересектердің қарауынсыз
жасамауы тиіс.
• Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс енгізу-
ге тыйым салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық
жұмыстарды авторландырылған сервис-орталық жасауы керек.
Біліксіз жасалған жұмыс аспаптың бұзылуына, жарақат пен мүлік
зақымдануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Пайдалану тәртібін
A2
сызбасынан қараңыз. Ұнтақтау дәрежесі ұнтақтау
уақыты мен ыдысқа салынған кофе дәндері- нің мөлшеріне байланысты бо-
лады.
Құралды электр желісіне қақпағы ашық кезде қосуға ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
Кофе дәндері кофеұнтақтағыш ыдысының кемінде 2/3 бөлігін алуы
керек.
Құралдың жұмысы кезінде оның тұрқын қолмен ұстап тұрыңыз. Құралдың үздіксіз
жұмысының уақыты 30 секундтан аспауы керек. Қосылулар арасындағы үзілістер
1 минуттан кем болмауы керек. Қатарынан төрт қосудан кейін 15 минутқа үзіліс
жасауға ұсыныс беріледі.
Құрылғы салқындауы үшін қосылымдар арасында кем дегенде 2 минут
үзіліс жасау ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал жұмыс істеп тұрғанда, ұнтақталған кофе
сауыты мен тостағанды шығармаңыз!
Алынған ұнтақталған кофені тартқышқа қайта салмаңыз, бұл жүйеде
бітелуді тудыруы мүмкін!
Қызып кетуден сақтау
Құрылғы қызып кету жағдайында автоматты өшіру жүйесімен жабдықталған.
Егер жұмыс кезінде қозғалтқыш кенеттен тоқтап қалса, құрылғыны ажы-
ратып. 30 минуттан соң қозғалтқыш суығаннан кейін үздіксіз жұмыс уақы-
тын қысқарта отырып және қосылулардың арасындағы интервалдарды
ұлғайта отырып, пайдалануды жалғастыруға болады.
III. АСПАП КҮТІМІ
Құрылғыны әр қолданғаннан кейін тазалаңыз. Тазалау алдында құралдың
ажыратылғанына және қозғалтқыш толығымен тоқтады көз жеткізіңіз.
Құралды судың астына қоюға немесе ыдыс жуатын машинада тазар-
туға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Тазалаған кезде абразивтік жабынды
ысқыштарды және тағамға тиетін заттармен қолдану үшін ұсыныл-
маған кез келген химиялық агрессивтік немесе басқа заттарды пай-
даланбаңыз.
Кофе угіткіштің алынбалы бөліктерін ыдыс жуғышта ТАЗАЛАМАҢЫЗ!
Диірмен тастарын, кофе тартқыштың тостағанын және қақпағын құрылғыға
кіретін арнайы щеткамен тазалаңыз. Ыдыстың ішіндегі қатты кірді және
құрылғының корпусын дымқыл, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Ұнтақталған кофеге арналған ыдысты, ағынды сумен жуыңыз, мүмкін жұм-
сақ жуғыш затты қолданыңыз. Қолданар алдында толығымен құрғатыңыз.
Қайта пайдалану алдында ұнтақтағыш жүйесінің барлық бөліктері
дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Жүйе бөлшектелген болса,
құрылғыны қосуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін
тазалап, түгел құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту
аспаптарынан алыс және тікелей күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе
ораманың бүтіндігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге
ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
I V. СЕРВИС-ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР АЛДЫНДА
Ақаулық Мүмкін болатын
себебі Түзету әдістері
Құрал жұмыс істемей-
ді
Электр қуат беру сымы
электр желісіне қо-
сылмаған
Дұрыс электр розеткасына
құралды қосыңыз
Электрлік розеткада
кернеу жоқ
Қозғалтқыш жұмыс
кезінде тоқтап қалды
Қызып кетуден сақтау
қосылды
Қараңыз «Қызып кетуден
сақтау»
Ақаулық Мүмкін болатын
себебі Түзету әдістері
Жұмыс кезінде пла-
стиктің иісіпайда бол-
ды
Құрал жұмыс бары-
сында қызып кетеді
Үздіксіз жұмыс уақытын
қысқартыңыз, қосылулар
арасындағы аралықтарын
ұлғайту керек
Жаңа құралдың кейбір
бөлшектеріне қорға-
ныс жабыны жабылған
Құралды мұқият тазартуды
жүргізіңіз («Аспап күтімі» та-
рауын қараңыз). Бірнеше рет
қосқаннан кейін иісі кетеді
Кофенің ұнтағы тым ірі
Тым үлкен ұнтақтау
дәрежесі орнатылды
Ұнтақтау дәрежесін ретте-
гіштің көмегімен кофені
ұсақтап ұнтақтаңыз
Ыдыста кофенің мөл-
шері тым көп
Кофе дәндерін ыдысқа кіш-
кентай порциялармен са-
лыңыз
Ұнтақталған кофе бір-
келкі емес
Кофе резервуарда
біркелкі емес бөлінеді
Аспапты қосу арасында шайқау
ұсынылады
Егер қателікті дұрыстай алмасаңыз, авторизацияланған сервистік
орталыққа жүгініңіз.
Кепілдіктен кейінгі жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді табуға
болады сайтта қолжетімді https://redmondsale.com
V. КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 12 ай мерзіміне кепілдік беріледі. Ке
пілдік кезеңі ішінде дайындаушы жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе
барлық бұйымды ауыстыру жолымен кез келген зауыттық ақауларды жо-
юға міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік тало-
нында дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана
күшіне енеді. Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа
сәйкес қолданылған, жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс
істемеу нәтижесінде зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық
жинағы сақталған жағдайда танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи
тозуына таралмайды.
Бұйымның қызмет мерзімі мен оған кепілдікті міндеттемелердің қолданыс
мерзімі бұйым сатылған немесе өндірілген кезден есептеледі (егер сату
күнін анықтау мүмкін болмаса).
Аспап өндірілген күнді бұйым корпусының сәйкестендіру жапсырмасындағы
сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады.
4-ші және 5-ші белгілер айды, 6-шы және 7-ші— құрылғының шығарылған
жылын білдіреді.
0001122333333
1 — өндірілген айы (01 — қаңтар, 02 — ақпан ... 12 — желтоқсан)
2 — өндірілген жылы (21 — 2021 ж., 22 — 2022 ж. ... 30 — 2030 ж.)
3 — үлгінің сериялық нөмірі
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы
осы нұсқаулық пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі
жағдайында сатып алынған күнінен 3 жылды құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін
қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес
пайдаға асыру керек. Қоршаған ортаға қамқорлық білдіріңіз: мұндай
бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.
Товар сертифицирован в соответствии с Федеральным законом «О тех-
ническом регулировании» и соответствует требованиям Технического
регламента Таможенного союза ТРТС004/2011 «О безопасности низ-
ковольтного оборудования», Технического регламента Таможенного
союза ТР ТС 020/2011 «Электромагнитная совместимость технических
средств», Технического регламента Евразийского экономического союза
«Об ограничении применения опасных веществ в изделиях электротех-
ники и радио электроники» ТР ЕАЭС 037/2016.
Изготовитель: «Чжухай ИнгЧжи Сервис кампани Лимитед», 51900, 100
Хуа Вей Роуд, Чиань Шань, Сян Чжоу Дистрикт, Чжухай Сити, Китай.
Импортер в России: ООО «ИЛОТ», 198099, г. Санкт-Петербург, ул.Про-
мышленная, д. 38, к. 2, лит. А.
Importer (EU): SIA “SPILVA TRADING”, Edoles iela 5, Riga, Latvia, LV1055.
© РЕДМОНД. Все права защищены. 2024
Воспроизведение, передача, распространение, перевод или другая пе-
реработка данного документа или любой его части без предваритель-
ного письменного разрешения правообладателя запрещены.
www.redmond.company
www.multivarka.pro
Made in China
CG804-CIS-UM-1
Заполняется фирмой-продавцом / Сатушы фирма толтырады
Гарантийный талон № / № кепілдік талон
Вид техники / Техниканың түрі Модель / Үлгі
Дата продажи / Сатылған күні Серийный номер / Сериялық нөмір
Фирма-продавец / Сатушы фирма
Подпись продавца / Сатушының қолы Печать фирмы-продавца / Сатушы фирманың мөрі
Изделие надлежащего качества, укомплектовано, технически исправно, претензий не имею.
С условиями гарантии ознакомлен.
Бұйымның сапасы жарамды, жинақталған, техникалық жөн, шағымым жоқ. Кепілдік шарттарымен
таныстым.
Подпись покупателя / Сатып алушының
қолы
Информация о произведенных ремонтах / Жасалған жөндеулер
туралы деректер
Гарантийный талон №/ № кепілдік талон
Дата приема / Қабылданған күні Дата выдачи / Берілген күні
Заявленный дефект / Мәлімделген ақау
Описание ремонта / Жөндеудің сипаттамасы
Подпись / Қолы Печать сервисного центра / Сатушы
Информация о произведенных ремонтах / Жасалған жөндеулер
туралы деректер
Гарантийный талон №/ № кепілдік талон
Дата приема / Қабылданған күні Дата выдачи / Берілген күні
Заявленный дефект/ Мәлімделген ақау
Описание ремонта / Жөндеудің сипаттамасы
Подпись / Қолы Печать сервисного центра / Сатушы
Информация о произведенных ремонтах / Жасалған жөндеулер
туралы деректер
Гарантийный талон №/ № кепілдік талон
Дата приема / Қабылданған күні Дата выдачи / Берілген күні
Заявленный дефект / Мәлімделген ақау
Описание ремонта / Жөндеудің сипаттамасы
Подпись / Қолы Печать сервисного центра / Сатушы
Добавить комментарий