
12
Ready for Sky REDMOND қосымшасы смартфон немесе планшет арқылы құрылғыны
қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.
1. Өзіңіздің планшетіңізге немесе смартфоныңызға (қолданылатын құрылғының опера-
циялық жүйесіне байланысты) App Store немесе Google Play қосымшалар дүкенінен
Ready for Sky REDMOND қосымшасын жүктеңіз.
2.
Ready for Sky REDMOND қосымшасын іске қосыңыз, аккаунтты жасаңыз және экрандағы
көмекші сөздерді орындап отырыңыз.
3. «Добавить устройство» түймесін басыңыз. «Очистители воздуха» қойындысына өтіңіз
«Очиститель воздуха AP2210S» таңдаңыз.
4. Құрылғыны желілік адаптердің көмегімен электр желісіне қосыңыз, дыбыстық сигнал
шығады. Жылжымалы модуль ашылады, ауаның ластану индикаторы бар сенсорлық
басқару тақтасы жанады.
5. Құрылғы дыбыстық сигнал бергенше және ауаның ластану көрсеткіші жылдам жы-
пылықтай бастағанша сенсорды басып тұрыңыз.
6.
Байланыс орнату үшін ауаның ластану көрсеткіші баяу жыпылықтай бастағанша,
сенсорды қайтадан басып тұрыңыз. Өз аспабыңызды тіркеңіз.
7. Мобильді құрылғыда қол жетімді Wi-Fi желілерінің тізіміне өтіп, құрылғының желісі-
не қосылыңыз (SmartLife-XXXX).
8. Ready for Sky REDMOND қолданбасына оралыңыз, құрылғыны қосқыңыз келетін Wi-Fi
желісінің атауы мен құпия сөзін енгізіңіз.
9.
Қосылымды орнатқаннан кейін ауаның ластану индикаторы үнемі жанып тұрады.
Құрылғы қол жетімді құрылғылар тізімінде пайда болады.
Пайдалану
1. Ready for Sky REDMOND мобильді қосымшасымен байланыс орнатыңыз.
2. Әдепкі бойынша құрылғы автоматты режимде жұмыс істей бастайды. Бұл режим ау-
аны тазарту қарқындылығының оңтайлы деңгейін автоматты түрде анықтауды қамта-
масыз етеді. Ready for Sky REDMOND қолданбасы тиісті ауа тазарту қарқындылығы
деңгейін және ауа сапасын көрсетеді.
Құрылғы автоматты режимде жұмыс істегенде үрлеу жылдамдығын таңдау мүмкін
болмайды.
3. Ауаны тазарту қарқындылығы деңгейін қолмен орнату үшін Ready for Sky REDMOND
қолданбасында автоматты жұмыс режимін өшіріңіз. Қажетті жылдамдықты таңдаңыз:
төмен (1), орташа (2), жоғары (3).
4.
Ready for Sky REDMOND қолданбасында құрылғыны өшіру таймерін орнатуға болады:
2, 4 немесе 8 сағат. Өшіру таймері белгіленген уақыттан кейін құрылғыны автоматты
түрде өшіруді қарастырады.
5.
УФ-шамы әдепкі бойынша қосылады. Оны Ready for Sky REDMOND қолданбасы арқылы
қосуға/өшіруге болады.
AP2210S ауа тазартқышында зиянды микроорганизмдерді жоюға және үй ішіндегі ауа
сапасын жақсартуға көмектесетін кіріктірілген УК-шамы бар.
6.
Құрылғымен жұмыс аяқталғаннан кейін оны сенсорды немесе Ready for Sky REDMOND
мобильді қосымшасын басу арқылы өшіріңіз. Жылжымалы модуль жабылады.
Құрылғыны қолмен қосу үшін түймесін басыңыз.
7. Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
LED-aуа ластануының көрсеткіші
Ауа ластануының LED-индикациясы үй-жайдағы ауаның ағымдағы сапасын көрсетеді:
• көк түс – өте жақсы ауа сапасы;
• сары түс – қанағаттанарлық ауа сапасы;
• қызыл түс – нашар ауа сапасы.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде жылжымалы модуль бөлмедегі ауа сапасына байланы-
сты тиісті бұрышқа ашылады/жабылады.
III. ҚҰРЫЛҒЫНЫ КҮТУ
Жалпы ұсыныстар
Құрылғыны ластануына қарай тазартуды жасап тұрыңыз. Құрылғыны тазартуға кіріспес
бұрын, оның электрожеліден ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тазарту кезіңде дөрекі майлықтар мен гупкалар, түрпілі майұнтақтар қолда-
нуға тыйым салынады. Сонымен қатар, кез келген химиялық заттарды қолдануға болмайды.
Құрылғының тұрқын суға салуға немесе судың ағысы астында ұстауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Бұйымның сыртын жұмсақ сулы салфеткамен немесе губкамен тазартыңыз. Құрылғының
сыртына судың ағып кетуін немесе айғыздануды болдырмау үшін оның үстін құрғатып
сүртуге кеңес береміз.
Сүзгіні, желдеткіштерді және ауа сорғышты тазалау үшін құрғақ щетканы немесе жұмсақ
шүберекті пайдаланыңыз.
Сүзгісін ауыстыру (A2 сурет, 4 бет)
Сүзгілердің шамамен қызмет ету мерзімі – 2200 сағат. Құрылғыны Ready for Sky REDMOND
қолданбасына қосқан кезде сүзгінің қызмет ету мерзімі экранда көрсетіледі (пайызбен).
Сүзгі ресурсы таусылғанда, ауаның ластану көрсеткіші қызыл болып жыпылықтайды.
1. Сүзгіні ауыстырмас бұрын құрылғының электр желісінен ажыратылғанына көз жет-
кізіңіз.
2. Құрылғының төменгі жағындағы қақпақты сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз (мұқаба-
да « OPEN» деп жазылған).
Добавить комментарий