
16
дегі ылғалдылық 5% төмендесе, құрылғы ауа ағынының 1 жылдамдығымен жұмыс істей
бастайды.
УК-шамы
Аспап кіріктірілген УК-шаммен жабдықталған, ол ауаны микробтар мен аллергендерден
тазалауға көмектеседі, сонымен қатар иістердің қалдығын кетіреді. УК-шамды қосу/сөндіру
үшін UV түймесін немесе қашықтан басқару пультіндегі басыңыз. Егер функция белсенді
болса, дисплейде UV индикаторы жанады.
Басқару панелін құрсаулау
Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылғыда басқару панелін құрсаулау функ-
циясы қарастырылған. Ол функция түймелердің кездейсоқ басылып кетуінің алдын алады.
Бұғатталуды қосу/өшіру үшін басқару панеліндегі батырмаларын бір мезетте басып,
бірнеше секунд ұстап тұрыңыз немесе қашықтан басқару пультіндег түймесін басыңыз.
Бұғатталу қосылып тұрған кезде дисплейде индикаторы жанады, батырмаларды басу
аспапқа әсер етпейді.
Сөндіру таймері
Сіз 1 сағат қадамымен 1 сағаттан 12 сағатқа дейінгі диапазонда аспапты сөндіру уақытын
бере аласыз. Таймерді орнату үшін аспаптың басқару панелінде түймесін немесе
қашықтан басқару пультіндегі басыңыз, ауыстырып қосу шеңбер бойынша жүзеге асады.
Таңдалған мән сандық дисплейде бірнеше рет жыпылықтайды және автоматты түрде
сақталады. Берілген уақыт аралығы біткеннен кейін аспап автоматты түрде күту тәртіпте-
месіне өтеді. Егер функция белсенді болса, сандық индикаторы кезекпен өшіру алдында
қалған уақытты (сағатпен) және бөлмедегі ылғалдылық деңгейінің ағымдағы мәнін (неме-
се ылғалдылық деңгейі функциясы белсенді болса, орнатылған мәнді) жанады.
Таймер функциясын өшіру үшін аспаптың басқару панелінде түймесін немесе қашықтан
басқару пультіндегі басыңыз, сандық дисплейде «––» көрсетілгенше.
Хош иістендіру қызметі (A2 сурет, 3 бет)
Хош иістендіргіш әсерін алу үшін құрылғының корпусынан хош иісті майларға арналған
ыдысты алыңыз, ыдыстың қақпағын алыңыз, губкаға хош иісті майдың бірнеше тамшысын
тамызыңыз, ыдысты жинап, орнына қойыңыз.
III. АСПАП КҮТІМІ
Тазалау жөніндегі жалпы ұсыныстар
Құралды тазалауға кіріспес бұрын, оның электр желісінен ажыраулы екендігіне көз жет-
кізіңіз. Электр қуаты баусымын аспап корпусынан ажыратыңыз, резервуардан суды төгіп
тастаңыз. Аспаптың ішкі беттерін жұмсақ ылғал майлықпен не сорғышпен сүртіңіз. Дели-
катты тазарту құралын қолдану мүмкін болады. Судың мүмкін болатын тамшылары мен
тұрқындағы сызықтарға жол бермеу үшін оның бетін құрғақ етіп сүртуге ұсыныс береміз.
Қажет болса, желдету торын алып тастаңыз және оны ағынды су астында тазалаңыз,
мүмкін жұмсақ жуғыш затты қолданыңыз. Орнатпас бұрын мұқият құрғатыңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағыны астына салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Құралды тазалау кезінде қатты сүрткіштер немесе губкаларды қолдануға ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ. Сондай-ақ химиялық агрессивті кез келген заттарды қолдануға болмайды.
Асаптағы суды үнемі ауыстырып тұрыңыз. Қолданып болғаннан соң судың қалғанын төгіп
тастаңыз.
Суға арналған резервуар, сүзгі және деминерализациялық картридж тазалау
(A4 сурет, 5 бет)
Жұмыс барысында суға арналған резервуар кір жинақталады, сондықтан аспапты үнемі
қолданған кезде оны аптасына 1–2 рет тазалап тұруға кеңес беріледі. Тазарту үшін жұмсақ
сабын езіндісін қолданыңыз (жиынтыққа кіреді), барлық бөлшектерін сумен мұқият жуып
тазартыңыз.
Резервуар әк түзінділерінен тазартуды қажет болғандығына байланысты жүргізіңіз. Тазалау
үшін резервуарға лимон қышқылы ертіндісін құйыңыз (бір литр суға 1 шай қасық). Тузінділер
жұмсарған соң жұмсақ щетка не сорғышты пайдаланып резервуар жуыңыз. Динерализа-
циялық картриджді ағынды сумен шайыңыз.
Сақтау және тасымалдау
Аспапты ешқашан суымен бірге сақтамаңыз. Сақтау және қайта пайдаланудың алдында
құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жер-
де жылыту аспаптарынан алыс және тікелей күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
I V. СЕРВИС-ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР АЛДЫНДА
Ақаулық Мүмкін болатын себебі Түзету әдістері
Құрал қосылмайды
Құрал электр қуаты желісі-
не қосылмаған
Құралдың электр желісіне дұрыс қосылғанына көз жет-
кізіңіз
Дисплейде индикаторы
жанып тұр Резервуарда су жоқ Аспапты электржелісінен ажыратып, резервуарды сумен
толтырыңыз
Батырмалардың басылуы аспа-
пқа әсер етпейді, дисплейде
индикаторы жанып тұр
Басқару панелі бұғатталған
Аспапты бұғаттаудан шығару үшін батырмаларын бір
мезетте басып, бірнеше секунд ұстап тұрыңыз немесе
қашықтан басқару пультіндег түймесін басыңыз
Егер қателікті дұрыстай алмасаңыз, авторизацияланған сервистік орталыққа жүгініңіз.
Кепілдіктен кейінгі жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді табуға болады сайтта
қолжетімді https://redmondsale.com
V. КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 12 ай мерзіміне кепілдік беріледі. Кепілдік кезеңі
ішінде дайындаушы жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе барлық бұйымды ауыстыру
Добавить комментарий