
Қазақша
5
Абайлаңыз
Теледидарды тұрақсыз жерге ешқашан
қоймаңыз. Теледидар құлап кетіп, ауыр
жарақаттануға немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Төмендегі қарапайым сақтық шараларды
қолдану арқылы көптеген жарақаттану
жағдайларын (әсіресе балаларда) алдын алуға
болады:
•Теледидар өндірушісі ұсынған шкафтарды
немесе тіреулерді пайдалану.
•Теледидарды қауіпсіз ұстап тұратын жиһазды
ғана пайдалану.
•Ұстап тұратын жиһаздың шетінен теледидар
шығып тұрмағанын тексеру.
•Теледидарды биік жиһазға (мысалы, шкафтар
немесе кітап шкафтары) жиһазды және
теледидарды қажетті түрде бекітпей қоймау.
•Теледидарды теледидар мен ұстап тұратын
жиһаздың арасында орналасуы мүмкін
шүберекке немесе басқа материалдарға
қоймау.
•Теледидарға немесе оның басқару
құралдарына қолжеткізу үшін жиһазға шығу
қатерлері туралы балаларға түсіндіру.
Егер бұрыннан бар теледидар сақталса және
орны ауысса, жоғарыда сипатталған шаралар
қолданылуы қажет.
● Теледидарды күн көзіне
тікелей және басқа жылу
көздеріне шығармаңыз.
Өрттің алдын алу
үшін шамдарды
немесе басқа ашық
от көздерін əрқашан
теледидардан аулақ
ұстаңыз
■ Тұншығу / Бітеу қаупі
Абайлаңыз
● Осы өнімнің қаптамасы тұншығуды, ал
бөлшектердің кейбіреуі кішкентай, сондықтан олар
кішкентай балалардың тұншығуына қауіп төндіруі
мүмкін. Бұл бөлшектерді жас балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
■ Тұғыр
Абайлаңыз
●
Тұғырды бөлшектеп шашпаңыз немесе өзгертпеңіз.
Сақтаныңыз
●
Осы теледидармен бірге жеткізілген тұғырды ғана пайдаланыңыз.
● Бүлінген немесе физикалық түрде зақымданған
жағдайда, тұғырды пайдаланбаңыз. Мұндай
жағдай орын алса, жақын маңдағы Panasonic
делдалымен хабарласыңыз.
● Орнату кезінде барлық бұрандалардың мықтап
тартылғанына көз жеткізіңіз.
● Теледидарды тұғырға орнату барысында оның
зақымдалмауын қадағалаңыз.
● Балалар тұғырға өрмелеп шықпасын.
● Теледидарды тұғырға кемінде екі адам көмегімен
орнатыңыз немесе алыңыз.
● Теледидарды көрсетілген процедураға сай
орнатыңыз немесе алыңыз.
■ Радио толқындары
Абайлаңыз
●
Теледидарды медициналық мекемелерде
немесе медициналық жабдықтар бар жерлерде
пайдаланбаңыз. Радиотолқындар медициналық
жабдыққа кедергі келтіруі және дұрыс жұмыс істемеу
нәтижесінде қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.
●
Теледидарды автоматты есік не өрт
хабарлағыштары секілді автоматты басқарылатын
жабдықтың жанында пайдаланбаңыз.
Радиотолқындар автоматты басқарылатын
жабдыққа кедергі келтіруі және дұрыс жұмыс істемеу
нәтижесінде қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.
●
Кардиоынталандырғыш бар жерде теледидардан
кемінде 15 см алыс ұстаңыз. Радио толқындар жүрек
ынталандырғыш жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
● Теледидарды кез келген жолмен бөлшектемеңіз
немесе құрамын өзгертпеңіз.
■ Кірістірілген сымсыз жергілікті желі
Сақтаныңыз
●
Пайдалану құқықтарыңыз жоқ қандай да бір
кірістірілген сымсыз жергілікті желіге (SSID*)
қосылу үшін кірістірілген сымсыз жергілікті желіні
пайдалануға болмайды. Мұндай желілер іздеулер
нәтиждесі ретінде тізімі берілуі мүмкін. Алайда оларды
пайдалану заңсыз кіру ретінде қарастырылуы мүмкін.
*
SSID беру үшін пайдаланылатын белгілі бір сымсыз
желіні анықтауға арналған атау болып табылады.
● Кірістірілген сымсыз жерлігікті желіні жоғары
температуралар, тікелей күн сәулесі немесе ылғал
әсеріне қалдыруға болмайды.
● Радиотолқындар арқылы жіберілген және деректер
бөгелуі және бақылануы мүмкін.
● Кірістірілген сымсыз жергілікті желі 2,4 ГГц және
5 ГГц жиілік диапазонын жұмсайды. Кірістірілген
сымсыз LAN желісін пайдаланғанда радиотолқын
кедергісінен пайда болатын ақаулықтарды
болдырмау үшін теледидарды басқа сымсыз
жергілікті желі құрылғылары, микротолқынды
Добавить комментарий