
162 Қазақша
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Аспаптың қақты жоюға арналған құралмен
зақымдалуы
Қақты жоюға сəйкес келмейтін құрал мен оны
қате мөлшерлеу құрылғыны зақымдауы мүмкін.
KÄRCHER қақты жоюға арналған құралын ғана
қолданыңыз.
Қақты жоюға арналған құралдың 1 мөлшерін 0,5 л
суға қолданыңыз.
7. Қақты жоюға арналған құралды қаптамадағы
нұсқаулыққа сəйкес қолданыңыз.
8. Қақты жоюға арналған құралды бу генераторына
құйыңыз. Бу генераторын жаппаңыз.
9. Қақты жоюға арналған құралдың ерітіндісін 8
сағатқа қалдырыңыз.
10. Қақты жоюға арналған құрал ерітіндісін бу
генераторынан толығымен ағызыңыз.
11. Қажет болса процедураны қайталаңыз.
12. Қақты жоюға арналған ерітіндінің барлық
қалдығын жою үшін, бу генераторын 2-3 рет
салқын сумен жуыңыз.
13. Бу генераторынан бүкіл суды ағызыңыз.
14. Желі кабелі сақталатын орынды құрғатыңыз.
15. Ұзартқыш түтік арқылы қызмет көрсетуге
арналған қақпақты бұраңыз.
Толымдаушыларға күтім көрсету
(Жеткізілуіне қарай толымдаушылар)
Нұсқау
Микрофазадан жасалған майлық кептіргіште
кептіруге арналмаған.
Нұсқау
Майлықтарды жуған кезде жапсырмадағы жуу
шарттары көрсетілген нұсқауларды сақтаңыз.
Майлықтар ласты жақсы сіңіре алуы үшін, жұмсақ
шайғышты пайдаланбаңыз.
1. Еденге арналған майлықтар мен қаптарын кір
жуғыш машинада ең көбі 60 °C-пен жуыңыз.
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды
пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай
қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы
жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат
етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.
몇ЕСКЕРТУ
Күйіктер қаупі жəне электр тогынан жарақат
алу
Құрылғы қуат көзіне қосылу кезде немесе суымаған
кзде, ақауларды жою қауіпті.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғыны суытыңыз.
Азайтылған бу берілісі
Бу генераторы қақпен жабылған.
Бу генераторын қақтан тазартыңыз.
Судың жетіспейтінін бақылау шамы қызыл түсте
жыпылықтап, дыбыстық сигнал шығарылуда
Бакте су жоқ.
Су багін «МАКС» деңгейіне дейін толтырыңыз.
Судың жетіспейтінін бақылау шамы қызыл түсте
жанып тұр
Бу қазанында су жоқ. Сорғыны қызып кетуден
қорғаныс іске қосылған.
1. Құрылғыны өшіру, бөлімді қараңыз: Құрылғыны
өшіру.
2. Су багін толтырыңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз, мына бөлімді қараңыз:
Құрылғыны қосу.
Су багі дұрыс орнатылмаған немесе онда қақ
түзілген.
1. Су багін шешіп алыңыз.
2. Су багін жуыңыз.
3. Су багін орнына салып, сырт еткенше төмен
басыңыз.
Бу тетігі басылмайды
Бу тетігі балалардан қорғаныспен құлыпталған.
Балалардан қорғаныс ауыстырып-қосқышын (бу
мөлшерін ауыстырып-қосқышты) алдыңғы
қалыпқа қойыңыз.
Бу тетігі құлыптан шығарылған.
Ұзақ уақыт қызады
Бу генераторы қақпен жабылған.
Бу генераторын қақтан тазартыңыз.
Су шығыны жоғары
Бу генераторы қақпен жабылған.
Бу генераторын қақтан тазартыңыз.
Техникалық мағлұматтар
Техникалық өзгерістер рұқсат етілген.
Электр желісіне қосу
Кернеу V 220-240
Фаза ~1
Жиілік Hz 50-60
Қорғаныс класы IPX4
Қорғау класы I
Құрылғының техникалық сипаттамалары
Жылу қуаты W2000
Максималды жұмыс қысымы MPa 0,35
Қызу уақыты минутта
р
4
Үздіксіз булап жібіту g/min 50
Максималды бу импульсі g/min 110
Сыйымдылық
Су багі l0,8
Бу генераторы l0,5
Өлшемдері мен салмағы
Керек-жарақтарсыз салмағы kg 4,1
Ұзындығы mm 350
Ені mm 280
Биіктігі mm 270
Добавить комментарий