
– 5
Құрамындағы заттар туралы анықтамалар
(REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мағлұматтарды астыда көрсетілген интернет
беттерімізде оқи аласыз:
www.kaercher.com/REACH
Бұйымыңызды алғаш рет қолдану
алдында осы түпнұсқа пайдалану
бойынша нұсқаулықты және қамтылған қауіпсіздік
бойынша нұсқауларды оқып шығыңыз. Оларға сай
әрекет етіңіз. Кітаптардың екеуін де кейін пайдалану
немесе кейінгі пайдаланушылар үшін сақтап
қойыңыз.
몇АБАЙЛАҢЫЗ
Қауіпсіздік құралдарының мақсаты -
қолданушыларды қауіптен сақтандыру,
оларды өзгертуге немесе бақылаусыз
қалдыруға болмайды.
Бұйым қосқышы бұйымның кенет қолданылуына
жол бермейді.
Құлып қол бүріккішінің иінтірегін жабады да,
бұйымның кенет іске қосылуына жол бермейді.
Босатқыш клапан максималды рұқсат етілген жұмыс
қысымының артуына жол бермейді.
Қолмен шашырату пистолетінің тұтқасы
босатылғанда қысым қосқышы сорапты істен
шығарып алады, жоғары қысымды ағым
тоқтатылады. Тұтқа тартылғанда сорап қайтадан
қосылады.
Ток шамадан тыс көп болған кезде қозғалтқыштың
сақтандыру ажыратқышы құрылғыны ажыратып
тастайды.
Бұл жоғары қысымды тазалағышты үй
шаруашылығына ғана қолданыңыз.
– құрылғыларды, көліктерді, құрылыстарды,
құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бақ
құралдарын және т.б. жоғары қысымды су
ағынымен тазалауға арналған (қажет болса,
тазалағыш заттардың көмегімен).
– KÄRCHER компаниясы мақұлдаған
жиынтықтаушы бөлшектермен, қосалқы
бөлшектермен және тазалағыш заттармен.
Тазалағыш заттармен бірге берілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Мазмұны
Қоршаған ортаны қорғау . . . . . . . . . . . . . . . KK 5
Қауіпсіздік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .KK5
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану. . . . . KK 5
Бұйым сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK 6
Орнату . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .KK6
Бұйымды іске қосу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK 7
Қолдану . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK 7
Тасымалдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK 8
Бұйымның сақталынуы . . . . . . . . . . . . . . . . KK 8
Күту мен техникалық тексеру жұмыстары . KK 9
Кедергілер болғанда көмек алу . . . . . . . . . KK 9
Бұйым керек-жарақтары мен қосалқы
бөлшектері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK 9
Кепілдеме . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK9
Техникалық мағлұматтар . . . . . . . . . . . . . . KK 10
ЕС стандарттар сәйкестiк туралы декларацияKK 10
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдары екінші рет өңдеуге
жарамды. Орауышты қоршаған ортаға қауіпсіз
түрде кәдеге жаратыңыз.
Ескі бұйымдарда қайта өңделуге жіберілуі тиіс
бағалы, қайта өңдеуге болатын материалдар
бар. Ескі бұйымды қоршаған ортаға қауіпсіз
түрде кәдеге жаратыңыз.
Электрлік және электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе қате кәдеге
жарату нәтижесінде адам денсаулығына және
қоршаған ортаға қауіп төндіруі ықтимал
бөлшектер жиі кездеседі. Алайда аталған
бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін
қажет болады. Осы таңбамен белгіленген
бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге тастауға
болмайды.
Қалдықтар пайда болатын мұнай қамтитын су
қоймаларындағы тазалау жұмыстары,
мысалы, қозғалтқыш жуу, шанақ астын жуу, тек
жууға арналған алаңдарда май бөлгішінің
көмегімен орындалуы керек.
Тазалағыш заттармен жұмысты тек сұйықтық
өткізбейтін жұмыс беттерінде қосылған үй
канализациясымен орындау керек. Тазалағыш
заттың су қоймасына не жерге енуіне жол
бермеңіз.
Кейбір елдерде қоғамдық су қоймаларынан су
алуға рұқсат берілмейді.
Қауіпсіздік
Бұйымдағы символдар мен белгілер
Жоғары қысымды ағын адамдарға,
жануарларға, белсенді электрлік
құралдарға немесе бұйымның өзіне
қарсы бағытталмауы тиіс.
Бұйымды аяздан сақтаңыз.
Бұйымды қоғамдық ауыз су желісіне
тікелей қосуға болмайды.
Қауіпсіздік құралдары
Бұйым қосқышы
Құлпы бар қол бүріккіші
Қысымды қосқышы бар босатқыш клапан
Қозғалтқыштың сақтандыру ажыоатқышы
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
167KK
Добавить комментарий