
19
Назар аударыңыз! Тоңазытқышты ылғал үй-жайларда және дымқылдануға
ұшырайтын жерлерде орнатпаңыз.
Назар аударыңыз! Тоңазытқышта жануды үдететін спрейлер сияқты
жарылғыш аттарды сақтамаңыз.
Назар аударыңыз! Тоңазытқыштың сақтау камерасында аспаптарды
пайдаланбаңыз, өндіруші ұсынғандарды қоспағанда.
Назар аударыңыз! Тоңазытқыштың үстіне микротолқынды пештер,
электр кәстрөлдер, кернеу тұрақтандырғыштары сияқты және т. б. электр
құрылғыларды орнату мен пайдалану, сондай-ақ тоңазытқыштың үстіне ауыр
заттар мен сұйықтығы бар ыдыстарды, олардың құлап, жарақат келтіруіне
немесе сұйықтықтың төгілуіне жол бермеу үшін, қою ұсынылмайды, өйткені бұл
электр тогымен зақымдануға және тұтануға әкелуі мүмкін.
Назар аударыңыз! Оңай тұтанатын газ шығып кеткенде алдымен шығып
кету көзінің клапанын жауып, ауаны ішкі кеңістіктен шығаруға тырысу
керек. Аспапты желіден ажыратпаңыз және тұтануға жол бермеу үшін оны
пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыз! Аспап қорпусын немесе желдеткіш тесіктерді кіріктірілген
конструкциялармен жаппаңыз.
Жылжыту және орнату
Жылжыту.
Тоңазытқышты тасымалдау үшін есігнен (қақпағынан) ұстамаңыз, оны
көтеруге қарастырылған күйде немесе бұйымның төменгі жағынан ұстап
көтеру керек.
Орнату.
Тоңазытқышты тұрақты, тегіс бетте пайдалану керек, әйтпесе ол
пайдаланушы үшін қауіпті болуы мүмкін.
Тоңазытқышты құрғақ, еркін ауа айналымы бар желдетілетін жерде
орналастыру керек. Артық қызуына жол бермеу, тоңазытқышты пайдалану
тиімділігін жоғарлату мен қауіпті жағдайлардың болуына жол бермеу үшін
желдеткіш тордың айналасында 20 см артық, ал жоғары жағында – 30 см
артық бос кеңістік қалдыру керек.
Тоңазытқыштың желдеткіш торларын бүркеуге немесе бұғаттауға болмайды,
оларды перделерден және басқа оңай тұтанатын материалдардан алыстатып
жайғастыру керек. Құрылғыны жылу көздеріне немесе тура күн сәулелеріне
жақын жайғастырмаңыз.
Назар аударыңыз! Құрылғыны орнатқанда қуат баусымы қысылмағанына
және зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Құрылғының артында бірнеше
тасымалды розетканы немесе ықшам қуат көздерін жайғастырмаңыз.
Добавить комментарий