
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы мына мекенжай бойынша орналасқан: Room S401, Haier Brand
building, Haier Industry park, Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao, China, Сізге
таңдауыңыз үшін алғыс айтады білдіреді және пайдалану ережелерін ұстанған кезде осы
бұйымның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс атқаратындығына кепілдік береді. Тұрмыста
пайдалану үшін арналған тұрмыстық бұйымның жұмысқа жарамды ресми мерзімі: бұйым
кесімді тұтынушыға табысталған күннен бастап теледидарларға, микротолқынды пештер
— 5 жыл, планшеттік компьютерлерге, ноутбуктерге және теледидарлық приставкаларға
— 3 жыл, шаңсорғыштарға — 4 жыл, ұялы телефондар мен гироскутерлерге — 2 жыл,
қалған тауарларға — 7 жыл. Өнімнің жоғары сапасын ескере отырып, нақты пайдалану
мерзімі айтарлықтай ресми мерзімнен артық болуы мүмкін. Қызмет ету мерзімі
аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін және ұсынымдар алу үшін
Авторландырылған сервистік орталыққа жүгінуіңізді сұраймыз. Барлық өнім пайдалану
шарттарын ескере отырып өндірілген және техникалық талаптардың сәйкестілігіне
арналған тиісті сертификаттауды өткен.
Түсінбестікке жол бермеу үшін Сізден сатып алған кезде пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты, кепілдікті міндеттемелердің шарттарын зейін қойып оқып шығуыңызды
және кепілдік талонының дұрыс толтырылғанын тексеруіңізді нандыра өтінеміз. Кепілдік
талоны дұрыс емес немесе толымсыз толтырылған жағдайда сатушы ұйымға жүгініңіз.
Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз
сатып алған бұйым арнайы орнатуды және іске қосуды талап еткен болса, Сізге Haier-дің
Авторландырылған серіктесіне жүгінуді қадала ұсынамыз.
Осы кепілдік талонмен Haier Корпорациясы бұйымның кемшіліктері анықталған
жағдайда тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамамен, басқа
нормативтік актілермен бекітілген тұтынушылар талаптарын қанағаттаныдру бойынша
міндеттемелерді өзіне алғанын растайды. Алайда, Haier Корпорациясы төменде
мазмұндалған шарттар сақталмаған жағдайда кепілдікті қызмет көрсетуден бас тарту
құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті қызмет көрсетудің шарттары
Кепілдікті қызмет көрсету тек қана белгіленген үлгідегі кепілдік талонымен жиынтықталған
бұйымдарға қатысты болады. Haier Корпорациясы тауар тұтынушыға табыс етілген күннен
бастап 60 ай кепілдік мерзімді орнатады. Ықтимал жаңсақтықтарға жол бермеу үшін
қызмет ету мерзімі ішінде бұйымға сатылған кезде қоса тіркелетін құжаттарды (тауарық
чек, кассалық чек, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) сақтап қойыңыз.
Кепілдікті қызмет көрсетуді тек қана Haier Авторландырылған серіктестері жүргізеді.
Авторландырылған серіктестердің толық тізімін сіз келесі телефондар арқылы Haier
Ақапараттық орталығында біле аласыз:
8-800-070-01-29 - Қазақстаннан келген тұтынүшылар үшін (Қазақстан өңірлерінен тегін
қоңыраү шалү)
немесе сайтта: https://haieronline.kz/немесе келесі электрондық пошта арқылы сұрату
жасап біле аласыз: support-kz@haieronline.kz. Авторландырылған серіктестердің деректері
өзгеріп кетуі мүмкін, анықтамалар үшін Наier Ақпараттық орталығына жүгініңіз.
Добавить комментарий