
Кепілдік міндеттемлер ақаулықтары келесілердің салдарынан пайда болған бұйымдарға
қатысты болмайды:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау жағдайлары мен
ережелерін бұзуы;
— бұйымды қате орнату, баптау және/немесе іске қосу;
— тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын және электрлік қосылуларды
бұзу, сонымен қатар Бұйымды монтаждауға құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ
тұлғаларды тарту;
— пайдалану бойынша нұсқаулық талап еткен жағдайда Бұйымға уақтылы техникалық
қызмет көрсетілмегенде;
— су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан;
— бұйымның осы түріне сәйкес келмейтін жуғыш құралдарды пайдалану, сонымен қатар
жуғыш құралдардың ұсынылған мөлшерлемесінен асып кеткенде;
— бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда;
— үшінші тұлғалардың әрекеттерінен: уәкілеттері жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе
өндіруші рұқсат етпеген құрылымдық немесе сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
— Стандарттардан және қуат беру желілердің нормаларынан ауытқу;
— еңсерілмейтін күш әрекеттерінен (апат, өрт, найзағай және т. б.);
— жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасқана немесе
абайсыз әрекеттерінен
— бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттектердің, сұйықтықтардың, жәндіктердің,
жәндіктердің тіршілік әрекеттерінің өнімдерінің түсуінен пайда болған бұзылулар
анықталса;
— су жылытқыштың толтырылмаған/ толық толтырылмаған багының іске қосылуының
салдарынан термоқорғаудың іске қосылуы Кепілдікті қызмет көрсету жұмыстардың
келесі түрлеріне қатысты болмайды:
— бұйымды пайдаланатын жерде орнату іске қосуға;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау және кеңес беруге;
— бұйымды сыртынан немесе ішінен тазартуға.
Кепілдікті қызмет көрсетуге төменде аталған шығыс материалдар мен керек-жарақтар
жатпайды:
— кондиционерлерге арналған сүзгілер;
— кір және ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілерге, суды жеткізу/ағызуға арналған
құбыршектерге;
— шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, шөткелер, саптамалар, шаң жинағыштар,
сүзгілер;
— микротолқынды пештерге арналған тәрелкелер, істекшелер, торлар, табақшалар және
қойғыштар;
— сүзгілер, иісті жұтқыштар, шамдар, сөрелер, жәшіктер, қойғыштар және тоңазытқышта
азық-түлікті сақтауға арналған басқа ыдыстар;— басқару пульттері, аккумуляторлық
батареялар, қуат беру элементтері, қуат берудің сыртқы блоктары және зарядтау
құрылғылары;
— бұйымға қосымша тіркелетін құжаттама.
— Бұйымға мерзімдік қызмет (сүзгілерді ауыстыру және т. б.) тұтынушының қалауы
бойынша қосымша ақыға жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге аспапты сәйкестендіруге,
және де, нәтиже ретінде, оған кеплідікті қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Аспаптан
зауыттық сәйкестендіруші тақтайшаларды алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық
тақтайшалардың болмауы кепілдікті міндеттемелерді орындаудан бас тартудың себебіне
айналуы мүмкін.
27
Добавить комментарий