
16
Жалпы ақпарат пен ұсыныстар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қолжетімді бөліктері асүй техникасымен бірге қолданғанда
қызуы мүмкін.
Белгілі бір жағдайларда электр құрылғылар қауіп төндіруі мүмкін.
A) Егер түтінсорғымен бірге газбен немесе басқа отынмен жұмыс істейтін аспаптар
қолданылса, бөлмеде тиісті желдеткіш болуы керек.
B) Асханалық түтінсорғы жұмыс істеп тұрған кезде сүзгілердің жағдайын тексермеңіз.
C) Аспап өшкен соң жарты сағат бойы шамға қол тигізбеңіз.
D) Асханалық түтінсорғы астынан ашық от шығуына жол бермеңіз.
E) Плитада ыдыс болмаса, газ өлшегішті ашпаңыз, өйткені бұл сүзгілер зақымдалып,
өрт шығуына әкелуі мүмкін.
F) Азық-түлік қуыру процесін үнемі бақылауда ұстаңыз, өйткені ыстық май шашырауы
өртке себеп болуы мүмкін.
G) Аспапқа техникалық қызмет көрсетер алдында электрлі ашаны резеткіден
шығарыңыз.
H) Ауа таратуға қатысты қаулыларды сақтаңыз.
I) Асханалық түтінсорғы мен басқа энергия көзін пайдаланатын аспаптар бір уақытта
жұмыс істеп тұрғанда бөлмедегі кері қысым 4 Па-дан (4x10¯5бар) аспауға тиіс.
J) Қуат беру сымы зақымдалған жағдайда, оны өндіруші, қызмет көрсетуші ұйым
немесе жеткілікті білім-білігі бар тұлғалар ауыстыруға тиіс. Әйтпесе, электр тогы соғу
немесе аспап бүліну қаупі бар.
K) Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар, сонымен қатар физикалық, сенсорлық
және ақыл-ой қабілеті шектеулі, немесе білім-білігі жеткіліксіз тұлғалар қадағалаушы
тұлға бақылаған немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау берген және
оны қолданумен байланысты ықтимал қауіптерді түсінген жағдайда ғана мүмкін
болады. Балалардың бұл құрылғымен ойнауына рұқсат бермеңіз. Аспапты тазалау
және қызмет көрсету жұмысын балалар атқармау керек, бұл балалар 8-ден асса және
ересектер қадағаласа ғана мүмкін болады.
L) асханалық түтінсорғы конфорка саны төрттен аспайтын пісіру панелінің үстіне
орнатуға арналған.
M) Асханалық түтінсорғы тек бөлмеде тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған.
Добавить комментарий