• Климаттық сыныбы аспаптың артқы жағындағы техникалық деректері бар тақтайшада
көрсетілген. Бұл аспап тиісті дəрежеде жұмыс істейтін қоршаған орта температурасының мəні.
4. Аспап біртүрлі дыбыстар шығарады.
Компрессордың жұмыс істейтін моторы жəне салқындату тізбегі бойымен айналатын
салқындатқыш өзіне тəн дыбыстар шығарады. Бұл қалыпты жағдай.
5. аспаптың сыртқы қабырғаларында конденсат пайда болады.
Белгілі бір атмосфералық жағдайда аспаптың сыртқы қабырғаларында конденсат пайда болуы
мүмкін. Бұл қалыпты жəне аспаптың жұмысына əсер етпейді.
1 Ақаулықтарды өз бетінше жою.
Əлдебір ақаулықтар анықталғанда, тікелей немесе сауда өкілі арқылы сервис орталығына
жүгінер алдында, пайдаланушының осы нұсқаулығында көрсетілген барлық нұсқаулықтар мен
кеңестердің сақталғанына көз жеткізіңіз.
2 Сатудан кейінгі қызмет көрсету Клиенттерді қолдау қызметі
Біз “Хайер” компаниясының клиенттерді қолдау қызметіне хабарласуды, сондай - ақ бірегей
қосалқы бөлшектерді пайдалануды ұсынамыз. Егер сіздің тұрмыстық техникаңызда мəселе
туындаса, алдымен “Ақаулықтарды жою” тарауын оқып шығыңыз.
Егер сіз мəселенің шешімін таппасаңыз, ресми дилерге немесе біздің байланыс орталығына
жүгініңіз, тегін желі нөмірлері кепілдік талонында көрсетілген.
Сервистік орталыққа жүгінгенде, өтінеміз, паспорттық тақтаушадан немесе чектен табуға
болатын келесі ақпаратты дайындаңыз:
Модель __________________________________
Сериялық нөмірі __________________________
Сатылған күні _____________________________
Сондай-ақ, өтінеміз, кепілдік пен сату туралы құжаттың болуын тексеріңіз.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірінің болмауынан, Өндіруші аспапты сəйкестендіре алмайды,
соның салдарынан кепілді қызмет көрсете алмайды. Аспаптан зауыттық сəйкестендіруші
тақтайшаларды алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілді
міндеттемелерді орындаудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.
Осы құжатқа алдын ала ескертусіз өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Добавить комментарий