
KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Құралды қаптамадан шығарыңыз, барлық қаптаушы материалын (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз. Жиынтықтылауды тексеріңіз және
механикалық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіп алыңыз. Электр
құралының корпусын және табанын дымқыл, сосын құрғақ шүберекпен
сүртіңіз. Корпусты құрғақ матамен сүртіңіз. Құрал қолдануға дайын.
ЕСКЕРТУ! Қауіпті оқиғаларға жол бермеу үшін қаптау материалдарын
(пластик пакеттер, полистирол және т.б.) балаларға қолжетімді жерлерге
тастамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар болған кезде)
және бұйымның сериялық нөмірімен жапсырманы электр құралының кор-
пусында міндетті түрде орнында сақтаңыз!
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Жұмыс режимдері
Жылу желдеткіш екі жұмыс режимімен жабдықталған:
– Қуат 1400 Вт кезінде жылыту режимі (жылытудың төмен деңгейі
– Қуат 2400 Вт кезінде жылыту режимі (жылытудың жоғары деңгейі
Құрал сондай-ақ желдеткіш атқарымымен жабдықталған .
Ескерту: градустар ауқымы 16-дан 36-ға дейін құрайды. Режимдерді ав-
томатты теңшеу бөлмежайдағы нақты температураға байланысты болады
және келесі қағидат бойынша жұмыс істейді:
- бөлмежайдағы нақты температура + 2 градус – желдеткіш атқарымы
- бөлмежайдағы нақты температура + 4 градус – қуат 1400 Вт кезінде
жылыту атқарымы
- бөлмежайдағы нақты температура + 5 градус – қуат 2400 Вт кезінде
жылыту атқарымы
Мәселен, бөлмежайдағы нақты температура 20 градусты құрайды.
Желдеткіш атқарымы үшін температура 16-22 градусты, жылыту режимі
үшін қуат 1400 Вт кезінде – 22-24 градусты, қуат 2400 Вт кезінде – 25-36
градусты құрайды.
Ескерту: қажетті температураны тек қашықтықтан басқару пультінің
көмегімен орнатуға болады. Ол үшін «TEMP» батырмасын басыңыз.
Ескерту: орнатқаннан кейін таңдалған температура дисплейде 5 секунд
ішінде көрсетіледі, содан кейін бөлмедегі нақты температурамен ауысты-
рылады.
7.2 Құралды айналдыру атқарымы
Құралдың айналу атқарымының батырмасын басыңыз , дисплейде
аталған атқарымның индикаторы пайда болады , және құрал бір жақтан
Добавить комментарий