
KAZ
21
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
(сөндірулі) күйіне ауыстырыңыз және оны желіден ажыратыңыз.
7.4 Автоматты сөндіру атқарымы
7.4.1 Жылулық желдеткіш құлап қалған жағдайда сөндіріледі. Құралды
желіден ажырату, оны тегіс орнықты бетке орнату және іске қосуды
қайталау қажет.
7.4.2 Жылулық желдеткіш қызып кеткен жағдайында сөндіріледі. Құралды
желіден ажырату, құралды суыту, құралдың дұрыс орнатылуын тексе-
ру және кіріс және шығыс торларында ауа ағынына ештеңенің кедергі
келтірмейтіндігіне көз жеткізу қажет.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Құралды әбден шаңданған бөлмеде сақтамаңыз және іске қоспаңыз,
себебі бұл құралдың бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
8.2 Профилактикалық тазалауды жүргізуді бастаудың алдында, қуат
режимдерін ауыстырғыштың «0» (сөндірулі) күйінде орнатылғандығына
және құралдың электр желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіп
алыңыз. Корпусты жұмсақ дымқыл шүберекпен жуғыш құралдарды және
қажақтарды қолданусыз сүртіңіз. Ішіндегі шаңды шаңсорғышпен кетіруге
болады, бірақ тек үрлеу режимінде ғана және саңылаулық саптаманы
қолданумен. Құралды желіге қосудың алдында оның толықтай кепкендігіне
көз жеткізіп алыңыз.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Құралды желдетілетін жабық бөлмеде, балаларға қолжетімді емес орында,
0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған орта температурасында және 80%-ға
дейінгі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шарттарында сақтау керек.
Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық қаптамада ғана та-
сымалдау керек болады. Тасымалдаудан немесе құрылғыны төмендетілген
температурада сақтаудан кейін оны бөлме температурсында кем дегенде
екі сағаттай ұстау қажет.
Өнімді тасымалдау, тиеу, арту және сақтау кезінде осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа да келесі талаптарды басшылыққа
алу керек болады:
- өнімді оның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге ұшыратуға тыйым
салынады;
- өнімнің қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп кетулерін
болдырмау қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары керек.
Құралды температураның елеулі өзгерулерінен және тура күн сәулелерінің
әсерлерінен сақтаңыз.
Добавить комментарий