
KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Құралды қаптамадан шығарыңыз, барлық қаптаушы материалын (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз. Жиынтықтылауды тексеріңіз және
механикалық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіп алыңыз. Электр
құралының корпусын және табанын дымқыл, сосын құрғақ шүберекпен
сүртіңіз. Корпусты құрғақ матамен сүртіңіз. Құрал қолдануға дайын.
ЕСКЕРТУ! Қауіпті оқиғаларға жол бермеу үшін қаптау материалдарын
(пластик пакеттер, полистирол және т.б.) балаларға қолжетімді жерлерге
тастамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар болған кезде)
және бұйымның сериялық нөмірімен жапсырманы электр құралының кор-
пусында міндетті түрде орнында сақтаңыз!
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Электр құралының тегіс, қатты бетке орнатылғанына көз жеткізіңіз. Желілік
сымның ашасын резеткіге қосыңыз. Дисплейде құрал жұмысының, сондай-
ақ бөлмежай температурасының барлық индикаторлары бейнеленеді.
Бірнеше секунд өткеннен соң барлық индикаторлар сөнеді, ал бөлмежай
температурасының индикаторы қызыл түспен жануын жалғастырады.
Басқару панеліндегі «POWER» іске қосу батырмасын басыңыз немесе
қашықтан басқару тетігінің көмегімен іске қосыңыз. Құрал жұмыс істеуін
бастайды.
7.1 Құралды айналдыру атқарымы
Құралдың айналу атқарымының батырмасын басыңыз, дисплейде аталған
атқарымның индикаторы пайда болады, және құрал бір жақтан басқа жаққа
айналатын болады. Аталған атқарымды сөндіру үшін батырманы қайтадан
басыңыз.
7.2 Ауа ағыны жылдамдығын таңдау
1 – Үрлеудің төмен деңгейі (индикатор жанады ■■■ ■■■)
2 – Үрлеудің орта деңгейі (индикатор жанады ■■■ ■■■ ■■■)
3 – Үрлеудің жоғары деңгейі (индикатор жанады ■■■ ■■■ ■■■ ■■■)
«SPEED» батырмасының көмегімен қажетті салқындату режимін орнатыңыз.
7.3 Жұмыс режимдері
1 – «Normal» Әдеттегі жел (индикатор жанады )
Аталған режим кезінде үш жылдамдықтың бірін таңдауға болады, бұл ретте
ауа ағыны тұрақты болады.
2 – «Natural» - табиғи жел (индикатор жанады )
Аталған режим кезінде үш жылдамдықтың бірін таңдауға болады, бұл ретте
ауа ағынының қарқындылығы жеңіл лептен күшті екпінге дейін абыл-сабыл
өзгереді (табиғи желге еліктеумен).
Добавить комментарий