
KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Құралды қаптамадан шығарыңыз, барлық қаптаушы материалын (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз. Жиынтықтылауды тексеріңіз және
механикалық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіп алыңыз. Электр
құралының корпусын және табанын дымқыл, сосын құрғақ шүберекпен
сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ! Қауіпті оқиғаларға жол бермеу үшін қаптау материалдарын
(пластик пакеттер, полистирол және т.б.) балаларға қолжетімді жерлерге
тастамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар болған кезде)
және бұйымның сериялық нөмірімен жапсырманы электр құралының кор-
пусында міндетті түрде орнында сақтаңыз!
Желдеткішті құрастыру
6.1 Табанды жинаңыз, 2 бөлікті қосыңыз.
Табанның бүйіржақтарына аяқшаларды
орнатыңыз (1 сур.).
6.2 Жиынтықта келуші бұрандалардың
көмегімен тіреуді табанға қосыңыз (2 сур.).
6.3 Тіреуді бекіткішті сағат тіліне қарсы
бұрап босатыңыз және оны тіреуден шешіңіз.
Табанға қақпақты кигізіңіз және бекіткішті
кері бұрап бекітіңіз (3 сур.).
6.4 Тіреудің биіктігін реттеңіз және оны
бекіткіштің көмегімен бекітіңіз.
6.5 Оны сағат тіліне қарсы айналдыра
отырып, корпусты бекіткішті әлсіретіңіз.
Құралдың корпусын тіреуге табанмен
орнатыңыз және оны сағат тілі бойынша ай-
налдыра отырып, корпусты бекіткішті бұрап
бекітіңіз (4 сур.).
6.6 Қысқыш сомынды қозғалтқыштың кор-
пусынан бұрап шығарыңыз және оны бұл
ретте тордағы саңылауларды қозғалтқыштың
корпусындағы істіктермен үйлестіре отырып,
артқы қорғаныс торды орнына орнатыңыз.
Істіктер саңылауларға кіретіндей етіп торға
абайлап кигізіңіз. Тордың қысқыш сомынын
тартып бекітіңіз (5,6 сур.).
1 сур. 2 сур.
3 сур. 4 сур.
5 сур. 6 сур.
Добавить комментарий