KAZ
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз.
6.2 Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
6.3 Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз.
6.4 Таза сумен корпустан басқа барлық бөліктерін жуыңыз. Корпусты таза
дымқыл матамен сүртіп отыру керек.
6.5 Электр құралы қолдануға дайын.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Жалпы жұмыс тәртібі
7.1.1 Құралдың корпусын тегіс, орнықты бетке
орнатыңыз.
7.1.2 Электр құралының корпусынан суға арналған
резервуарды шешіңіз, құйғыш саңылаудың
қақпағын 1 сур. көрсетілгендей етіп бұраңыз.
7.1.3 Резервуарды сумен толтырыңыз (2 сур.),
құйғыш саңылаудың қақпағын бұраңыз және сулы
резервуарды құралдың корпусына орнату.
7.1.4 Электр құралын қуат беруші желіге қосыңыз
және оны іске қосыңыз. Қызыл түсті жұмыс ин-
дикаторы жанады. Бірнеше секундтан кейін
индикатордың түсі жасылға өзгереді. Құрал
қолдануға дайын.
7.1.5 Будың шығу қарқындылығын реттегішті
қажетті күйге орнатыңыз.
7.1.6 Су болмаған кезде (резервуардың босауы)
жұмыс индикаторы түсін қызылға ауыстырады,
құрал автоматты түрде сөнеді.
1 сур.
2 сур.
7.2 Электр құралын қолдану бойынша ұсыныстар
7.2.1 Температурасы +40°С асып кететін суды қолдану ұсынылмайды
7.2.2 Суға арналған резеруарды толтырмаңыз. Құралдың корпусына су
тиіп кеткен кезде резервуарды шешіңіз және артық суды төгіп тастаңыз.
Құралды құрғатып сүртіңіз.
7.2.3 Резервуары суға толы құралды температурасы 0°С және одан да
төмен бөлмедерде қалдырмаңыз. Бұл суға арналған резервуардың бүлінуіне
әкеліп соқтыруы мүмкін.
7.2.4 Резервуарда қолданылатын суға түрлі майлап мен хош
иістендіргіштерді қоспаңыз.
7.2.5 Резервуары суға толы құралды жылжытпаңыз, себебі бұл
сұйықтықтың құралдың корпусына тиіп кетуіне және оның істен шығуына
әкеліп соқтыруы мүмкін.
7.2.6 Құралды күн сәулесі тура тиетін орындарға орнатпаңыз. Бұл корпус
түсінің өзгеруіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Добавить комментарий