
KAZ
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
усымның ашасын розеткіден шығару керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер суға арналған резервуарға үстеп су құю қажет
болса, құралды электр желісінен толықтай ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: құралды ажыратудан кейін бу біраз уақыттан кейін
саңылаулардан шығуы мүмкін.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Оны тазалаудың және жуудың алдында электр құралының электр
желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіп алыңыз.
8.2 Қақтардың пайда болуын болдырмау үшін алдын-ала тазалану кезеңінен
өткен суды (сүзілген суды) қолдану ұсынылады.
8.3 Резервуар су қалдықтарын әрдайым кетіріп отырыңыз.
8.4 Құралдың бетіндегі қақты және басқа да ластануларды дымқыл
шүберектің көмегімен кетіруге болады. Құралды тазалау үшін бедерін және
электр құралының корпусын бүлдіре алатын қажағышты тазалау құралдарын
және басқа да химиялық заттарды қолданбаңыз.
8.5 Құралдан қақты кетіру үшін сірке суын 1:3 қатынасында сумен
араластырып, резервуарға құю және «Бу соққысы» батырмасын бірнеше
рет басу ұсынылады.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы
кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында
сақтау керек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық
қаптамада ғана тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген
температурада сақтаудан кейін бұйымды оны бөлме температурасында
кем дегенде екі сағаттай ұстау керек. Бұйымды тиеу, түсіру және сақтау
кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа келесі
талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге бұйымды ұшыратуға
тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп
кетулерін болдырмау қажет. Пайдалануда болған бұйымды теріс
температурада тасымалдаудың немесе сақтауға берудің алдында бұйымда
судың жоқтығына көз жеткізу қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ
болулары керек. Бұйымды температураның елеулі айырмаларынан және
тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз.
Добавить комментарий