
KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құралды барлық қаптаушы материа-
лын (бар болған жағдайда) алып тастай отырып, қаптамадан шығарыңыз.
Жиынтықты тексеріңіз және механикалық бүлінулердің жоқтығына көз
жеткізіңіз. Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз. Корпусты
алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен сүртіңіз.
6.1 Тiреудi қурастыру
6.1.1 Коннекторды сағат тіліне қарсы бұрай отырып әлсіретіңіз.
6.1.2 Телескоптық тіреудің табанын корпустағы тиісті саңылауға қойыңыз.
6.1.3 Коннекторды сағат тілі бойынша бұрай отырып телескоптық тіреуді
бекітіңіз.
6.1.4 Телескоптық тіреуді биіктігі бойынша телескоптық тіреулер секция-
лары бекіткішінің көмегімен ретке келтіріңіз.
6.1.5 Киімге арналған ілгішті тіреуге орнатыңыз. Бу үтікшесін қойғышқа
дұрыс күйде орнатыңыз.
6.2 Контейнерді сумен толтыру
6.2.1 Жұмыс бастаудың алдында бу шығудың қарқындылығын реттегішті
«0» («сөнд» - «сөндiрулi») күйіне орнатыңыз.
6.2.2 Тұтқасынан ұстаңыз және контейнерді құралдың корпусынан шешіңіз.
Суға арналған контейнерді аударыңыз және контейнер түбіндегі клапанды
бұрап шешіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Суға арналған резервуарды шешудің алдында
құралдың электр желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіңіз. Ыстық суды
қолданбаңыз, судың температурасы +50° С-тан жоғары болмауы керек.
Ескерту: Бумен жібіткіштің қызметтік мерзімін ұзарту үшін тазартылған
және минералсызданған суды қолдану ұсынылады.
6.2.3 Су құйыңыз.
6.2.4 Клапанды тартып бекітіңіз.
6.2.5 Контейнерді электр құралының корпусына орнатыңыз.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Бумен жібіткішті киімдегі немесе ішкі көрініс заттарындағы
қырыстырыстарды нәзік үтіктеуге, сонымен бірге кез келген типтегі
киімдер мен маталарды булап жібітуге қолдануға болады, бұл ретте киім
затбелгісіндегі нұсқауларды басшылыққа алу керек болады. Егер осындай
ақпарат болмаса, құралдың көмегімен матаны ішкі бет жағынан булан
-
дырып көріңіз. Жібек немесе ши барқыт секілді маталарды булап жібіту
кезінде, бу үтікшесін бұйымнан біраз қашықтықта ұстай отырып матаны
өңдеңіз.
7.1 Электр құралыны корпусына құбыршекті қосуға арналған коннектерге
құбыршекті қойыңыз және бекітіңіз.
Добавить комментарий