
KAZ
21
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
7.2 «Автосөндірілу» атқарамы
7.2.1 Үтіктің қойғышта 2 минуттан артық
уақыт қозғалыссыз болуы кезінде қызыл
түсті индикатор жылтылдай бастайды,
дыбыстық сигнал естіледі және үтік
сөнеді (2 сур.).
7.2.2 Жұмысты жалғастыру үшін үтікті
алыңыз және қойғышқа қайта қойыңыз
және қызуын тосыңыз
2 сур.
7.3 Жұмыс аяқталғаннан кейін
7.3.1 Жұмысты аяқтай отырып, бу беруді (5) реттеуішті минималды күйге
және температураны реттеуішті (9) «Мин» күйіне орнатыңыз.
7.3.2 Үтікті қуат беру желісінен ажыратыңыз, оны суытыңыз және су
қалдықтарын резервуардан (11) төгіңіз.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Құралды алып тастаудың алдында, оның суынуын тосыңыз.
8.2 Резервуарда (11) қалған суды әрдайым төгіп отырыңыз.
8.3 Құралды тазалау үшін үтіктің табанының бедерін (1) және электр
құралының корпусын (2) бүлдіре алатын қажағышты тазалау құралдарын
және басқа да химиялық заттарды қолданбаңыз.
8.4 Үтіктің табанынан (1) қақты және басқа да ластануларды Сіз дымқыл
матаның көмегімен кетіре аласыз.
8.5 Қақтардың пайда болуын болдырмау үшін алдын-ала тазалану
кезеңінен өткен суды (сүзілген суды) қолдану ұсынылады.
8.6 Өздігінен тазалау атқарымын орташа есеппен әрбір екі аптада (су
қаншалықты кермектеу болса, осы атқарымды соншалықты жиірек қолдану
керек) екі аптада қолдану керек. Резервуарды «Макс.» («MAX») белгісіне
дейін сумен толтырыңыз. Құралды қуат беру желісіне қосыңыз. Темпера-
тураны реттеуішті (9) «Макс.» (• • •) күйіне ауыстырыңыз. Үтіктің қызу
индикаторы сөнген кезде, оны қойғыштан алыңыз, үтікті шұңғылдың үстіне
орналастырыңыз және бу беруді (5) реттеуішті « » күйіне аударыңыз.
Үтікті көлденең ұстаңыз және өздігінен тазалау батырмасын басыңыз (8).
Бұл ретте үтікті шайқау ұсынылады. Үтікте егер көп қақтар қалса, таза-
лауды қайталаңыз.
Добавить комментарий