
KAZ
21
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
бұйымын дымқылдау және құрыс-тырыстарын тегістеу қажет болса,
бүріккіш саңылауды мата бұйымына бағыттаңыз және бүріккіштің батырма-
сын басыңыз. Егер қуатты бу соққысы керек болса, табанды мата бұйымына
бағыттаңыз және бу беру батырмасын басыңыз. Бу беру режимінде үтікті
буландыру үшін қолдануға болады. Үтіктеу кезіндегі үзілістерде үтікті
табанға ғана қойыңыз. Жұмысты аяқтай отырып, бу берілуін реттеуішті
минималды күйге және тепрература реттеуішті «Мин» күйіне орнатыңыз.
Үтікті қуат беру желісінен ажыратыңыз және резервуардағы судың
қалдықтарын төгіп тастаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер Сіз матаның типін білсеңіз, бұйымның
жиектерін ішкі жағынан үтіктеуге тырысып көріңіз. Жібек, жүн және син-
тетика бұйымдарын жылтырау іздерінің пайда болуын болдырмау үшін ішкі
жағынан үтіктеу ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтік қызғанша дейін бу беріді реттеуішті
қолдану ұсынылмайды. Кері жағдайда электр құралының табанында су
тамшыларының пайда болуы мүмкін болады. Реттеуішті құралдың қажетті
температураға жеткеннен кейін бу беру күйіне ауыстырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал мата бұйымын үтіктеуге және буландыруға
ғана арналған.
Жұмысты аяқтай отырып, үтікті қуат беру желісінен ажыратыңыз.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Құралды алып тастаудың алдында, оның суынуын тосыңыз.
8.2 Қақтардың пайда болуын болдырмау үшін алдын-ала тазалану
кезеңінен өткен суды (сүзілген суды) қолдану ұсынылады.
8.3 Резервуарда қалған суды әрдайым төгіп отырыңыз.
8.4 Үтіктің табанынан қақты және басқа да ластануларды Сіз дымқыл
матаның көмегімен кетіре аласыз.
8.5 Құралды тазалау үшін үтіктің табанының бедерін және электр
құралының корпусын бүлдіре алатын қажағышты тазалау құралдарын
және басқа да химиялық заттарды қолданбаңыз.
8.6 Өздігінен тазалау атқарымын орта есеппен әрбір екі жұмада қолдану
керек (су неғұрлым кермектеу болса, соғұрлым бұл атқарымды жиірек
қолдану керек). Резервуарды «Макс.» белгісіне дейін сумен толтырыңыз. Бу
реттеуішті максималды деңгей белгісіне дейін ауыстырыңыз және құралды
қуат беру желісіне қосыңыз. Қыздыру индикаторы жанған кезде, құралды
желіден ажыратыңыз. Үтікті көлденеңінен ұстаңыз және өздігінен тазалау
батырмасын басыңыз. Бұл ретте үтікті шайқау ұсынылады. Қақтарды кетіру
үшін бу соққысын қолданыңыз. Егер үтікте көп қақтар қалып қойса, таза-
лауды қайталаңыз. Үтікті тігінен қойыңыз, құралды желіге қосыңыз және
оны табанының кебуіне дейін қыздырыңыз. Сосын, қыздыру индикаторы
сөнгеннен кейін, үтікті желіден ажыратыңыз. Су қалдықтарын кетіру үшін
үтіктің табанын бірнеше рет қандай болмасын ескі матаға жүргізіңіз.
8.7 Жұмыс бедерін бүлдірмеу үшін, құралды тігінен сақтаңыз.
Добавить комментарий