KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
7.2 Алынбалы қалыптарды шешу және орнату
Қалыптарды шешудің және орнатудың алдында
құралдың электр желісінен ажыратылғанына және
толықтай суығанына көз жеткізіңіз. Алынбалы
қалыптарды бекіткішті көрсеткі (1 сур.) бағыты бой-
ынша қозғаңыз және оны шешіңіз. Қалыпты орнату
үшін, қалыптағы дөңестерді құралдың корпусындағы
ойықтарға қойыңыз, оған басумен қалыпты бекітіңіз.
1 сур.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Оны тазалаудың және жуудың алдында құралдың электр желісінен
ажыратылғанына және суығандығына көз жеткізіңіз.
8.2 Электр құралын тазалау үшін электр құралының бетін бүлдіруі мүмкін
тазартқыш құралды қолданбаңыз.
8.3 Қалыптарды тазалау
Алынбалы қалыптың бекіткішін көрсеткі бағыты бойынша жылжытыңыз
және оны шешіңіз. Қалыпты жұмсақ жуғыш құралдарды қолданумен ағын
судың астында жууға болады. Қалыпты орнатудың алдында оның толықтай
құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы
кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында
сақтау керек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық
қаптамада ғана тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген тем-
пературада сақтаудан кейін бұйымды оны бөлме температурасында кем
дегенде екі сағаттай ұстау керек.
9.1 Бұйымды тиеу, түсіру және сақтау кезінде пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа келесі талаптарды басшылыққа
алу керек:
9.1.1 Бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасының бұзылуына
әкеліп соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге бұйымды
ұшыратуға тыйым салынады;
9.1.2 Бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп
кетулерін болдырмау қажет.
Пайдалануда болған бұйымды теріс температурада тасымалдаудың не-
месе сақтауға берудің алдында бұйымда судың жоқтығына көз жеткізу
қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары керек. Бұйымды
температураның елеулі айырмаларынан және тікелей күн сәулелерінен
қорғаңыз.
Добавить комментарий