1 ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР
GALAXY LINE GL2626 шағын-пеші (ары қарай мәтін бойынша – шағын-пеш,
құрал, электр құралы) – шағын пәтерлер және саяжайлық шарттар үшін
мінсіз шешім болып табылатын жинақы электрлі құрал. Тұмпапеште етті,
тосттарды, пиццаны дайындауға, көкөністі, балықты қақтап пісіруге не-
месе бұқтырып пісіруге бәліш немесе басқа қамырдан жасалған өнімдерді
пісіруге болады. Тұмпапештің 10 л көлемінің және 3 деңгейдің арқасында
Сіз бірнеше тағамды бір уақытта дайындай аласыз. Дайындау процесі ай-
налушы тұтқалармен қарапайым механикалық жүйенің көмегімен басқары-
лады. Жиынтықта дайындау үшін барлық қажеттілер болады - қаңылтыр
таба, тор.
Аталған бұйым келесі талаптарға сәйкес болады: кеден одағы
Комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы №768 Шешімімен
бекітілген ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың
қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы
№879 Шешімімен бекітілген ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың
электромагниттік үйлесімділігі» Кеден одағының техникалық регламентіне;
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2019 жылдың 18
қазанындағы №113 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық
одақтың ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника
бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық
регламенті. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйымның барлық қызметтік
мерзімі ішінде сақтаңыз. Сіз арқылы сатып алынған бұйым осы
нұсқаулықтан оның пайдаланылуына әсер етпейтін кейбір ерекшеліктерге
ие болуы мүмкін.
KAZ
15
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Добавить комментарий