
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз. Бұйымның және желілік кабелдің
бүтіндігін тексеріңіз. Құралдың корпустан басқа барлық бөліктерін таза
сумен жуыңыз. Корпусты дымқыл матамен сүрту керек.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Электр құралының тостағанын құрғақ, тегіс және орнықты бетке
орнатыңыз.
7.2 Пышақты тостағанға орнатыңыз.
7.3 Құралдың тостағанына ұсақтауға қажетті өнімдерді орналастырыңыз.
Тостағанды қақпақпен жабыңыз және корпусты қақпаққа орнатыңыз.
7.4 Қуат беру баусымының ашасын электр желісіне қосыңыз. Өнімдерді
ұсақтау үшін импульстік режимнің батырмасын басыңыз және ұстап
тұрыңыз электр құралы осы батырма басылып тұрған кезде жұмыс істейтін
болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тостағанға өнімдерді максималды деңгейден жоғары
салуға тыйым салынады (750 мл).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде чоппердің қақпағы әрдайым тығыз
жабық болуы керек!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралдың үздіксіз жұмысының уақыты одан кейін
15 секунд үзіліс жасаумен 15 секундтан аспауы керек.3 кезеңдік үздіксіз
жұмыстан кейін оны бөлме температурасына дейін салқындатып алу керек,
содан кейін жұмысты жалғастыруға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек өнімдерді ұсақтауға ғана арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қосарлы пышақ өте өткір ұшталған! Құрастыру
және жуу кезінде аса сақ болыңыз!
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Оны тазалаудың және жуудың алдында электр құралының электр
желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіп алыңыз.
8.2 Электр құралының корпусын дымқыл матамен тазалау ұсынылады,
ал құралдың қалған бөліктерін тазартқыш құралдарды қолданумен таза
сумен жууға болады.
8.3 Корпусты тазалау үшін бұйымның металл бөліктерінде тотықтың
түзілуіне әкеліп соқтыруы мүмкін немесе пластик бетті бүлдіретін
тазартқыш құралдарды қолданбау керек.
Добавить комментарий