
KAZ
22
22
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құралды барлық қаптаушы материа-
лын (бар болған жағдайда) алып тастай отырып, қаптамадан шығарыңыз.
Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз. Құралдың корпусын
дымқыл матамен сүртіңіз, ал саптамаларды, тостағанды және ұстағышты
жылы сумен жуыңыз. Қауіпсіздікті сақтай отырып, саптамаларды жуғыш
құралмен жылы сумен жуыңыз. Құрал жұмысқа дайын.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пышақтар мен дисктердің жүздері өткір қайралған!
Құрастыру және жуу кезінде аса сақ болыңыз!
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Жалпы жұмыс тәртібі
7.1.1 Құралды тегіс орнықты бетке орнатыңыз.
7.1.2 Құралдың корпусына жетекті білікті орнатыңыз.
7.1.3 Өнімдерді өңдеуге арналған тостағанды орнатыңыз және оны сағат
тілі бойынша бұраңыз. Тостағанның дұрыс бекітілгеніне және құралға
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
7.1.4 Саптаманы пластик ұстағышқа орнатыңыз және ұстағышты саптама-
мен білікке орналастырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қайта өңдеуге арналған өнімдерді тек саптамаларды
орнатқаннан кейін ғана салу керек.
7.1.5 Қақпақты орнатыңыз және сағат тілі бойынша бұраңыз. Қақпақтың
мұрыны тостаған тұтқасының кесігіне тірелгенше дейін кіруі керек.
7.1.6 Итергішті салғыш саңылауға қойыңыз.
7.1.7 Ашаны розеткіге қойыңыз.
7.1.8 Ауыстырғышты қажетті күйге орнатыңыз (1-ші жылдамдық, 2-ші
жылдамдық) немесе P («импульстік режим») ұстап тұрыңыз.
7.1.9 Итергішті шығарыңыз және ингредиенттерді салғыш саңылау арқылы
салыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды режимдерді ауыстырғыштардың көмегімен
іске қосыңыз және сөндіріңіз. Тостағанның қақпағын ашу жолымен сөндіру
құралдың бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралдың үздіксіз жұмыс жасау уақыты одан
кейін 1 минуттай үзілісімен 1 минуттан аспауы керек. 5 кезеңдік үздіксіз
жұмыстан кейін оны бөлме температурасына дейін (30 минуттан кем емес)
салқындатып алу керек, содан кейін жұмысты жалғастыруға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Айналушы саптамалармен жарақаттану қаупі! Пай-
далану кезінде ешқашан қолдарды тостағанға салмаңыз. Ингредиенттерді
итеру үшін әрдайым итергішті қолданыңыз.
Саптамаларды тек жетек толық тоқтағаннан кейін ғана ауыстырыңыз.
Добавить комментарий