
KAZ
22
22
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
7.3 Рецепттер
Ашытқылы қамыр
Ингредиенттер:
330 мл жылы су
0,5 а.қ. қант
0,5 ш.қ. тұз
17 г сығымдалған ашытқылар (немесе 6 г құрғақ)
495 г ұн
27 мл өсімдік майы
1. Қамырды дайындау үшін қамырды араластыруға арналған саптаманы
және тиісті жылдамдықты қолдану.
2. Құрамында кемінде 10,3 г ақуыз бар жоғары сапалы ұнды електен
өткізу. Тостағанға ұнның жалпы көлемінің 1\3 бөлігін салу, онда шұңғыр
жасау және тұз, қант сеуіп, жаңа ашытқыны (немесе құрғақ тез әсер ететін
ашытқыны) ұсақтап салу.
3. Жылы су құю (шамамен 40°) және араластыру. Содан кейін қалған
ұнды кішкене үлестермен қосу. Аяқтағаннан кейін өсімдік майын қосу және
қайтадан илеу. Нәтижесінде жұмсақ қамыр алынуы керек.
4. Ыдысты құралдан шешу, үлдірмен жабу және жылы жерге шамамен 1,5
сағатқа қою. Осы уақыт ішінде масса 2,5-3 есе артады. Тәтті емес салмасы
бар бәліштерге арналған қамырды пайдалану.
«Үгілмелі қамыр»
Ингредиенттер:
340 г ұн пісіру үшін
227 г салқындатылған тұздалған кілегей майы (2 см өлшемімен текше-
лерде кесу)
1 ш.қ. тұз
1 ш.қ. қант
6-8 ас қасық мұздай су
1. Араластыруға арналған саптаманы орнатыңыз, тостағанға барлық құрғақ
ингредиенттерді орналастырыңыз жәе 30 секунд бойы 1 жылдамдықпен
араластырыңыз.
2. Салқындатылған кілегей майын қосыңыз және жылдамдықты біртіндеп
1-ден 3-ке дейін арттыра отырып, шайқауды жалғастырыңыз.
3. Бір-бір қасық мұздай суды қосып отырыңыз және қамыр үгілмелі
болғанша дейін шайқауды жалғастырыңыз. Егер қамыр қалыптаспаса,
аздап су қосыңыз.
«Безе»
Ингредиенттер:
4 жұмыртқа ақуызы
200 г қант (қант ұнтағы)
1. Шайқауға арналған саптама-қойылтқышты орнатыңыз. Жылдамдықты
ауыстырғышты 6 күйіне орнатыңыз және жұмыртқа ақуыздарын жұмсақ
пиктер түзілгенше дейін шайқаңыз (шамамен 2 минут).
2. Жылдамдықты реттеуішті 3 күйіне ауыстырыңыз және біртіндеп қант
қоса отырып, ақуыздарды шайқауды қатты пиктер түзілгенше дейін
жалғастырыңыз (шамамен 2 минут).
Добавить комментарий