
KAZ
22
22
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы кезінде
және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында сақтау ке-
рек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық қаптамада ғана
тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген температурада сақтаудан
кейін бұйымды оны бөлме температурасында кем дегенде екі сағаттай ұстау ке-
рек. Бұйымды тиеу, түсіру және сақтау кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
мазмұндалғандардан басқа келесі талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге бұйымды ұшыратуға тыйым
салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп кетулерін
болдырмау қажет.
Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары керек. Бұйымды температураның
елеулі айырмаларынан және тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз.
9.1 Кәдеге жарату
Бұйымды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға орны толғысыз зиян
келтіреді.Ақаулы бұйымды сонымен бірге пайдаланылған қуат беру
элементтерін тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз. Осы
мақсаттар үшін мамандандырылған кәдеге жарату орталығына жүгініңіз.
Сіз тұрмыстық бұйымдарды, жабдықтарды және пайдаланылған қуат
беру элементтерін қайта өңдеуге қабылдаушы бекеттердің мекен-жай-
ларын Сіздегі елді мекендегі муниципалдық қызметтен ала аласыз.
9.1.1 Зарядталған батареяларды кәдеге жарату және алып тастау кәдеге жарату
жөніндегі орталықтың білікті маманымен жүргізіледі. Зарядталушы батареяларды
алып тастауды өздігінен жүргізуге тыйым салынады.
- батарея құралдан оны кәдеге жаратудың алдында одан алынған болуы керек;
- құрал батареяны алып тастау кезінде қуат беру желісінен ажыратылған болуы
керек;
- батарея қауіпсіз кәдеге жаратылуы керек.
10 ҚЫЗМЕТТIК МЕРЗIМI
Аталған бұйым осы нұсқаулықта көрсетілген барлық талаптарды сақтау кезінде
кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі керек. Дайындаушы сатып алушылардың наза-
рын бұйымды жеке мақсаттар аясында пайдалану кезінде және осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта келтірілген қолдану ережелерінің сақталуы бұйымның
осы нұсқаулықта аталған қызметтік мерзімін айтарлықтай ұзартуы мүмкін
екендігіне аудартады. Дайындаушы өзіне құрылымына және жиынтықтылауға
бұйымның пайдаланушылық қасиетін нашарлатпайтын өзгерістерді енгізу құқығын
қалдырады.
Құралдың қызметтік мерзімі 3 жылды құрайды.Құралдың қызметтік мерзімі 3 жылды құрайды.
Добавить комментарий