6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Электр құралын қораптан шығарыңыз
және қаптаушы материалды (бар болған жағдайда) алып тастаңыз.
Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз. Құралдың корпустан
басқа барлық бөліктерін және керек-жарақтарын таза сумен жууыңыз.
Корпусты таза дымқыл матамен сүрту керек.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Электр құралын тегіс, орнықты бетке орнатыңыз. Электр құралының
қақпағын ашыңыз, аспапқа дәннің қажетті мөлшерін себіңіз және қақпақты
жабыңыз.
Қуат беруші желі параметрлерінің құралда көрсетілген деректерге
сәйкестігін тексеріп, желілік сымның ашасын желіге қосыңыз. Кофе
дәндерін ұнтақтау үшін ажыратқышқа басыңыз және дәнді қажетті қалыпқа
дейін ұсақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үздіксіз жұмыстың максималды рұқсат етілетін
уақыты кем дегенде 1 минут міндетті үзілісімен 20 секундтан аспа уы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап тек кофе дәндерін ұнтақтауға, сонымен қатар
жаңғақтарды ұсақтауға және құмшекерден қант ұнтағын дайындауға ғана
арналған.
Электр құралын тазалау
Электр құралын тазалау мен жуудың алдында оның электр желісінен
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз. Электр құралының корпусын дымқыл
таза шүберектің көмегімен тазалау ұсынылады, ал аспаптың қақпағын
тазалағыш құралдарды қолданумен таза сумен жууға болады.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Құралды тазалау үшін құралдың бетін бүлдіруі мүмкін тазартқыш
құралды қолданбаңыз.
8.2 Корпусты тазалау үшін бұйымның металл бөліктерінде тотықтың
түзілуіне әкеліп соқтыруы мүмкін немесе пластик бетті бүлдіретін
тазартқыш құралдарды қолданбау керек.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы
кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында
сақтау керек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық
қаптамада ғана тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген
температурада сақтаудан кейін бұйымды оны бөлме температурасында
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Добавить комментарий