
KAZ
16
16
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Құралды қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар болған
жағдайда) алып тастаңыз. Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін
тексеріңіз. Корпуспен таза дымқыл шүберекпен сүрту, ал қалған бөліктерін
ағын сумен жуу керек.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Электр құралын құрғақ, тегіс және орнықты бетке орнатыңыз.
7.2 Тостағанды құралдың корпусына орнатыңыз. Шырын мен мәйекке
арналған сүзгіні тостағанға салыңыз.
7.3 Сүзгінің үстіне шырынды алу үшін кіші конусты орнатыңыз. Ірі
жемістерден шырын алу үшін үлкен конусты қолдану ұсынылады. Үлкен
конусты қолдану үшін оны шағын конусқа орнату керек.
7.4 Қақпақты бекітілгенше тұтқаға қосыңыз. Электр құралын қуат беру
желісіне қосыңыз.
7.5 Ыдысқа шырынның берілуін тоқтату үшін шүмекке астынан басыңыз
және ол шырының шығу саңылауын жабады. Шырынның берілуін ашу үшін
аздап шүмекке басыңыз және ол төмен түседі.
7.6 Жемістерді жууыңыз және 2 жартыға бөліп кесіңіз. Жемістің жартысын
конусқа орналастырыңыз және қақпақпен конусқа басыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралының үздіксіз жұмыс уақыты 15 секунд
аспауы керек! Іске қосулардың арасындағы үзіліс кем дегенде 30 секундты
құрауы керек. Жұмыс циклдерінің максималды саны 10. 10 жұмыс циклінен
кейін құралға суынуы үшін 30 минут уақыт беріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек цитрустық жемістерден шырынды бөліп
алуға ғана арналған!
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Корпусты дымқылмен, содан кейін құрғақ шүберекпен сүртуге болады.
Корпусты тазалау үшін бұйымның металл бөліктерінде тотықтың түзілуіне
әкеліп соқтыруы мүмкін немесе пластик бетті бүлдіретін тазартқыш
құралдарды қолданбау керек.
8.2 Электр құралын және оның керекжарақтарын тазалау үшін оның бетін
бүлдіруі мүмкін тазартқыш құралдарды қолданбаңыз.
8.3 Тостағанды, конустарды, сүзгі мен қақпақты жұмсақ тазартқыш аспап-
тарды қолданумен таза сумен жуыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қайта қолданудың немесе сақтаудың алдын-
да құралдың барлық бөлшектерінің құрғақ және таза екендіктеріне көз
жеткізіңіз.
Добавить комментарий