
KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Құралды қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар болған
жағдайда) алып тастаңыз. Корпусты тегіс, орнықты бетке орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды құрастырудың алдында құралдың электр
желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіп алыңыз.
6.2 Электр құралының корпустан басқа барлық бөлшектерін жылы сумен
жуыңыз. Корпусты құрғақ матамен сүртіңіз.
6.3 Шырынжинағышты 1 сур. көрсетілгендей етіп корпусқа орнатыңыз.
6.4 Пышақты айырғышты 2 сур. көрсетілгендей етіп бекітпе торапқа
орналастырыңыз. Оның бекітпе торапқа сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
6.5 Қақпақты шырынжинағышқа 3 сур. көрсетілгендей етіп орнатыңыз.
6.6 Қақпақтағы бұғаттағышты шыртылға дейін бекітіңіз.
6.7 Күнжараға арналған ыдысты 4 сур. көрсетілгендей етіп корпусқа
орналастырыңыз.
1 сур
2 сур
3 сур
4 сур
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер бұғаттаушы қосылмаса немесе қате орнатылса,
мотор іске қосылмайды.
6.8 Шырынға арналған ыдысты қақпақпен жабыңыз және корпусқа қатысты
шырынды шығаруға арналған шүмектің шырынға арналған ыдыстың ішіне
бағытталғандай етіп қойыңыз.
ЕСКЕРТУ: Шырынжинағыш шүмектің реттелуші күйіне ие:
- шырынның берілуін ашу үшін шүмекті « » белгішесіне қарай бұраңыз.
- ыдысқа шырынның берілуін тоқтату үшін шүмекке « » белгішесіне қарай
бұраңыз. Өнімдерді өңдеу кезінде шүмек ашық күйде болуы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралы жұмыс жасап тұрған кезде пышақты
айырғыш өте зор жылдамдықпен айналады! Құралды айырғыш толық
тоқтағанша дейін бөлшектемеңіз, себебі бұл жарақат алуға және электр
құралының істен шығуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралының үздіксіз жұмыс жасауы 1 минут-
тан аспауы керек! Іске қосулардың арасындағы үзіліс кем дегенде 1 ми-
нутты құрауы керек. 3 жұмыс циклінен кейін құралды 15 минут суытыңыз.
Добавить комментарий